Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры «QazInnovations» басшылығымен кездесті
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Басқарма төрағасы — ректоры Марат Шоранов пен «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Санат Ахановтың кездесуі өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
MedTech бағыты бойынша технологиялық болжау
1) ҚР Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі Кеңестің 2022 жылдың 27 қазанындағы отырысының қорытындылары;
2) MedTech бағыты бойынша технологиялық болжау жүргізу кезінде бірлескен жұмыстың әлеуетті бағыттары (сарапшылар ретінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілдерін тарту);
3) С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті тарапынан
студенттерді технологиялық болжау процесіне қатысуға тарту арқылы көмек көрсетілуі мүмкін.
Кездесу барысында Ректор университеттің қазір жасалып жатқан жұмысын, сондай-ақ өндірісте нәтижелі жүзеге асыруға дайын университет ғалымдарының ғылыми идеялары мен жобалық әзірлемелерін таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша инновациялар саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру және нақты бастамалар мен бағыттар бойынша неғұрлым толық мәліметтермен кездесулер өткізу келісіміне қол жеткізілді.