Қазақ ұлттық медицина университетіне 91 жыл
1930 жылдың 2 желтоқсанында Қазақ медицина институтының тұңғыш ректоры Асфендияров Санжар Жапарұлы қызметіне кірісті. Содан бері 91 жыл уақыт өтті және бүгінде Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті медицина кадрларын даярлау бойынша Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орнына айналды.
ҚазҰМУ өзінің даңқты тарихы жылдарында еліміздің үздік дәрігерлерін тұратын 100 мыңға жуық түлек дайындады. Қазіргі таңда университетте 13 536 адам оқиды, оның ішінде әлемнің 22 елінен 1786 студент бар.
Университет 100 студентке арналған шағын институттан жеті мектеп пен факультеттен, төрт университеттік клиникасы бар 68 кафедрадан тұратын үлкен білім беру ордасына айналды. Сондай-ақ университетке бес ғылыми орталық пен ғылыми-зерттеу институттары кіреді, Орал мен Тараз қаласында екі филиалы бар.
ҚазҰМУ жеті оқу корпусы бар, бас ғимарат сәулет ескерткіші болып табылады. Студенттерге ыңғайлы сегіз жатақхана, олардың ішінде 512 орындық жаңа жатақхана бар.
Бүгінде студенттерге қуатты оқытушылар құрамы — 789 оқытушы білім береді. 89 жеке білім беру бағдарламасы, 8 бірлескен диплом, екі қос диплом бағдарламасы бар. ҚазҰМУ еліміздегі ең ірі Симуляциялық орталық, бірегей анатомиялық залы бар. ҚазҰМУ порталы — еліміздегі ең үздіктердің бірі.
ҚазҰМУ талапкерлер үшін ең жоғары өту балы қойылған. 13 536 білім алушылардың арасында 9947 бакалавр, 1837 интерндер, 1412 резиденттер, 199 магистранттар және 141 докторанттар бар. Сондай-ақ, 22 елден келген 1784 шетелдік студент бар. Жыл сайын жоғары оқу орнында бакалаврлар, дипломнан кейінгі деңгейдегі мамандар мен шетелдік студенттердің саны артып келеді.
Қазақстанның жетекші медицина университеті ҚазҰМУ осы оқу жылында 3074 жаңа студенттер қабылданды. Оның ішінде 2367 бакалавриат бағдарламасына, 103 магистратураға, 26 докторантура және 578 резидентураға қабылданған.
Жыл сайын университеттің студенттерінің қатары тек үздіктердің үздігімен толығуда. 2021-2022 оқу жылының білім алу гранттарын 1400 студент иеленді. Нәтижесінде университетке еліміздегі ең жоғары – 140 балл жинаған студенттер қабылданды. Бұл ҰБТ ең жоғары нәтижесі. Қазір ол студенттер университетіміздің стоматология мамандығы бойынша білім алуда. Басқа жоғары оқу орындарында бұл көрсеткіш 139 балл.
Университет қазақстандық және халықаралық рейтингтерде көш бастап тұр. 2022 жылы Университет QS World University Ranking әлемдік университеттерінің элиталық рейтингінің құрамына енді. Бұл рейтинг бүкіл әлемдегі университеттердің ең көп қаралатын рейтингі болып табылады, әлемдегі ең көп оқылатын және беделді үш рейтингтің бірі болып саналады.
ҚазҰМУ QS World University Ranking рейтингінде #601-650 позициясын иеленді. Университет 2021 жылы алғаш рет QS World University Ranking кіріп, QS World University Rankings үздіктер тобының 47 пайыздық қатарына енді. Сонымен қатар, ҚазҰМУ Еуропа мен Орталық Азияның 400 институттарынан тұратын QS EECA University Rankings 2021 рейтингінде 135-ші орынды иеленгенін ескере кеткен жөн.
Сондай-ақ, ҚазҰМУ жақында медициналық жоғары оқу орындары арасында «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК және Білім мен ғылымды дамыту орталығының рейтингінде бірінші орынға, сонымен қатар Қазақстанның 85 университеті арасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НAAР) – 2021 ҚР жоғары оқу орындары қажеттілігінің Ұлттық рейтингінде бесінші орынға қол жеткізді.
2020 жылдың қараша айында ҚазҰМУ Қазақстанның медициналық университеттері арасындағы 2018, 2019 және 2020 жылдардағы Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдерінің «Журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» номинациясы бойынша Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards тәуелсіз марапатына тағы да ие болды.
«ҚазҰМУ хабаршысы» ғылыми журналы РҒДИ деректер базасында бірінші орынға ие болды, Web of science group платформасында Russian citation index жетекші деректер базасына енді.
2021 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сайты қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Webometrics Ғаламдық рейтингінің ТОП-5 қатарына еніп, еліміздің медициналық университеттері арасында ҚазҰМУ тағы да сөзсіз көшбасшысы аталды. Бұл рейтингке әлемнің 24 мыңнан астам ЖОО қатысты, ҚазҰМУ әлемде 3791-орында және континентте 1319-орында тұр.
Үздік студенттер, үздік оқытушылар, үздік білім беру бағдарламалары. ҚазҰМУ болашаққа зор сеніммен қарайды, қарқынды дамып, игі мамандық өкілдерін әрі қарай дайындап, ғылымды да әрі қарай дамыта түспек.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазақ-ұлттық-медицина-университетін-2/