Қазақ ұлттық медицина университетінің стоматология мектебінде кариесті ауыртпалықсыз емдеуге арналған аппарат әзірленді
Тістерді емдеу және жалпы тіс дәрігеріне бару әлі де кейбір адамдарда ауырсыну мен үрей тудырады. Қазіргі заманғы стоматологиялық құрылғылар да, тіпті ауырсынуды басатын дәрілер де бұл жағымсыз сезімді жеңуге көмектеспейді.
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің стоматология мектебінде тістердің қатты тіндерін атравматикалық емдеуге арналған бірегей стоматологиялық тұтқа әзірленді. Бұл стоматологиялық тұтқа – тістің қатты тіндерін егеп тазалауға арналған ауа-абразивті құрылғы болып табылады. Оны ҚазҰМУ терапевтік стоматология кафедрасының профессоры Жолдыбаев Серік Сәбитұлы ойлап тапқан және жұмыста сәтті қолдануда.
«Оның бірегейлігі – тек кариес бар тістерді егеп тазалайды және сонымен бірге сау тістерге әсер етпейді. Егер қазір жиі бор машинамен тазаланса, бор машинаға тән ерекше дыбыстар, діріл бар, адамдарда үрей тудыратын осы. Мұнда белгілі бір қысымымен ауа-абразивті қоспамен кәдімгі ас содасын қолдана отырып, барлық ыдыраған тіндер жойылады. Бұл анестезиясыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ересектерді де, балаларды да емдеуге болады және үлкен сұранысқа ие, өйткені іс жүзінде ауыртпалықсыз», – деді өнертабыс авторы Серік Жолдыбаев.
ҚазҰМУ Стоматология мектебінің инновациялар тізімінде бұл жалғыз әзірлеме емес. Импульстік режимде жұмыс істейтін импульсті электро-депофорез деп аталатын жаңа физиотерапиялық аппарат ойлап табылды. Құрылғының жұмыс принципі ток импульстарының ауыспалы берілуімен белгілі бір дәрілік затты енгізуде, бұл емдеудің тиімділігін едәуір арттырады.
Оны тек стоматологияда ғана емес, медицинаның басқа салаларында да қолдануға болады, – дейді ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасының профессоры. Стоматологияда қолдануда ауқымы кең. Аппарат периодонтитті, пародонт тіндерінің ауруын және ауыз қуысының шырышты қабығын емдеу үшін қолданылады.
«Периодонтиттерді емдеу өте қиын. Мұнда аталған құрылғымен дәрі-дәрмекті енгізіп, кез-келген кезеңде қабыну процесін тоқтатуға болады. Мен оны қазір күнделікті қолданамын. Сонымен қатар, тұрақты ток (мырыштау) және дәрі-дәрмекпен сіңіру (форез) жүреді және сол жерде сақталады. Бұл өте ыңғайлы. Аппараттың өзі үш түрлі құралдың қасиеттерін біріктіреді», – деп атап өтті Серік Сәбитұлы Жолдыбаев.
ҚазҰМУ профессоры бұл аппараттарды ойлап тауып, өз бетінше құрастырған. Оның айтуына қарағанда, инновацияның өзіндік құны соншалықты жоғары емес, сондықтан әзірлемелерді өнеркәсіптік өндіріске енгізуге болады және қажеттілігі бар.