Қазақ ұлттық медицина университетінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңару және Жаңғыру жолы» атты Жолдауы талқыланды. Жолдауды талқылауға Мәжіліс пен Алматы Мәслихатының депутаттары, қоғам өкілдері мен ҚазҰМУ студенттері қатысты.
Жолдауда Мемлекет басшысы бірқатар маңызды саяси реформаларды алға тартты. Атап айтсақ, ол елдегі парламенттің рөлін күшейтіп, суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшуді ұсынды. Іс-шара барысында қатысушылар да өз ойларын да ортаға салды.
ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин Жолдаудың дәуірлік мәні бар деп атап өтті.
«Президент алдымен өзінен бастап, суперпрезиденттік басқарудың, сондай-ақ жақын туыстарының көптеген өкілеттігін қысқартудан бастады. Бұл Президентіміздің Қазақстан халқы үшін оңтайлы істерді қолға алғанын тағы да дәлелдей түседі. Сонымен қатар, әрқайсымыз өз еліміздің хал-ахуалын жақсарту туралы ойланамыз деген сенімдемін. Біз біртұтас мемлекетпіз, біртұтас халықпыз», – деп сөз алды ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин.
Сондай-ақ ол дәрігерлер саясаттан тыс болуы қажет екенін атап өтті.
«Біз қаңтар оқиғаларына куә болдық, мұнда полиция қызметкерлерін жасырдық. Пойыздар жүрмеді, ұшақтар ұшпады. Ең алдымен бізге сіздердің денсаулықтарыңыз, қауіпсіздіктеріңіз маңызды, содан кейін қалғаны. Егер сіз Университеттің кітапханасына немесе жатақханасына барсаңыз көз жеткізесіз – оқу залы үнемі толы болатын біз жалғыз университетпіз. Қашан барсаңызда, әрқашан бос болғанын көрмейсіз, біздің студенттеріміздің білім алуға ынталандыру деңгейі өте жоғары», – деді ректор.
Мәжіліс депутаты Динара Закиева қазақстандықтарға елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтау үшін жүргізіліп жатқан реформаларды қолдау қажет екенін алға тартты.
«Біз еліміздің дамуын, ынтымақтастық пен тұрақтылықты қолдайтынымызды көрсетуіміз қажет. Біз балаларымыздың қауіпсіз өмір сүргенін, сапалы білім, медициналық көмек алғанын қалаймыз. Мұның бәріне тек тұрақтылық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Біз 2-3 күннің ішінде елімізді жоғалтып алуға болатынын көз жеткіздік. Басқа елдердің үлгісінен біз төбеміздегі бейбіт аспанды жоғалтып алуға болатынын көрдік. Мұның бәрі өз қолымызда.
Мен негізінен барлығын қолдаймын, бірақ араласқым келмейді, өздігінен дами берсін деген ұстаным болмайды. Бірлік жоқ жерде біз ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз»,- деп ескерді ол.
Мәслихат депутаты Алмат Қодасбаев залдағы студенттердің арасында осында білім алған Мәншүк Мәметова сынды болашақ батырлар, Төрегелді Шарманов сынды көрнекті қайраткерлер болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Олар өздерінің барлық бастамаларына қол жеткізді, өзіндік дара жолын еңсеріп, өздеріне және өзгелерге елінің лайықты азаматтары екенін дәлелдеді. Сіздер үшін де ешқандай шектеулер жоқ, сіздер де өз еліңіз үшін аянбай еңбек ете аласыздар. Қазақстанның болашағы біздің қолымызда», – деді ол.
Сондай-ақ Алматы қаласының Алмалы ауданындағы «Аманат» партиясы филиалының басшысы Ерлан Әлібсенов пен Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әсия Ақанова сөз сөйледі. Ол жиналғандарды Президенттің жанына топтасуға шақырды.
«Негізгі бағыт – әрбір азаматтың мүмкіндіктерін арттыру. Мәслихаттарға, Мәжіліске сайлау жүйесі өзгерді. Енді ешбір партияға қатысы жоқ практикалық, теориялық тәжірибесі бар кез-келген адам үміткер бола алады. Дегенмен, партиялық тізімдер бойынша мажоритарлық жүйе де жұмыс істейді. Себебі партия әлі күнге дейін сайлаушылардың пікірін білдірудің негізгі тетігі болып табылады. Өзгерістер орын алуда. Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы белсенді жүзеге асырылуда», – деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда ҚазҰМУ 13 мыңнан астам студент білім алуда, Университетке түсу межесі ел бойынша ең жоғары болып қала бермек. Сонымен қатар ҚазҰМУ студенттерін Қазақстан жастарының келбеті деп атауға толық негіз бар.