Қазақ ұлттық медицина университетінде 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Үкіметтің 2023 жылғы 16 тамыздағы қаулысымен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы профессор-оқытушылар құрамымен кездесуде ректор Марата Шоранов айтып өтті.
Бағдарламаның мақсаты – «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін клиникалық тәжірибеге және білім беру үдерісіне жедел көшіру арқылы зерттеу университеті ретіндегі ұстанымын нығайту.
Орасан зор жұмыстар атқарылды. Жоспарымызды нақты жүзеге асыруымыз үшін барлық мектептер мен барлық бөлімдердің операциялық жоспарды құруға қатысуы өте маңызды. Біздің қағидаттар өте қарапайым – бюджет қаражатын тиімді пайдалану. Жұмсалған әрбір теңге жұмыс істеуі керек», – деді ол.
Бағдарламаның 19 негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша бағаланатын 4 негізгі міндет қойылды:
1) білім, клиника және ғылымды тығыз ықпалдастыру негізінде мамандарды даярлау сапасын арттыру (5 көрсеткіш);
2) ғылыми-зерттеу әлеуетін белсенді түрде ұлғайту үшін жағдай жасау және оны жүзеге асыру негізінде дамыту (8 көрсеткіш);
3) ғылым, білім, клиника және басқару (менеджмент) салаларындағы қызметті интернационалдандыру негізінде халықаралық академиялық және ғылыми қоғамдастыққа ықпалдастыру (2 көрсеткіш);
4) тиімді басқару және тұрақты даму факторлары ретінде қаржылық тұрақты жүйені құру және университеттің халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу (4 көрсеткіш).