Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті ТМД елдерінің үздік жас ғалымы атанды
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жалпы медицина-1 мектебінің 1 курс студенті Нұрхан Ақжүніс ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін ТМД «Үздік жас ғалым -2023» медалімен марапатталып, 2-дәрежелі Дипломға ие болды. Ақжүніс «Бөбек – жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысандағы бірлестігі ұйымдастырған ғылыми және оқу орындары арасында «VIII халықаралық кітап басылымы» жобасына қатысты. Ғылыми жетекшісі биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы Алмабаева Н.М.
Ақжүністі жеңісімен құттықтап, әрі қарай тек толағай табыстар тілейміз!