Қазақ ұлттық медицина университетінде еліміздің стоматология факультеттерінің 2 курс студенттері арасында «Алға қадам» республикалық жарысы өтуде
Бүгін 2024 жылдың 25 сәуір күні Қазақ ұлттық медицина университетінің ортопедиялық стоматология кафедрасында еліміздің стоматология факультеттерінің 2 курс студенттері арасында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стоматология факультетінің 65 жылдығына арналған «Алға қадам» республикалық кәсіби шеберлік жарысы өтуде.
Барлығы өз университетінде алдын ала іріктеуден өткен Астана (АМУ КЕАҚ), Түркістан (Ясауи атындағы ХҚТУ) және Алматы (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) қалаларынан 12 қатысушы.
Байқаудың мақсаты болашақ білікті мамандар ретінде жарысқа дайындығы үздік қатысушыларды анықтау, әртүрлі топтағы тістердің тәждерін модельдеудің негізгі принциптері мен әдістерін, анатомиялық құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, тіс қатарын тереңдетіп оқыту, сонымен қатар жарысқа қатысушылардың кәсіби білімдерін жетілдіру. Тістерді модельдеу Carving Жапон әдісімен жүзеге асырылады.
Байқауға қатысушыларға өз біліктіліктерін көрсетуге және ортопедиялық стоматология негіздері бойынша білімдері мен дағдыларын бекітуге мүмкіндік беріледі. Бір күн ішінде сағат 18.00 дейін әр қатысушы
«Ортопедиялық стоматология» кафедрасының жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен тапсырмаларды орындайды, олар өз кезегінде үш ай бойы өз қатысушыларын жаттықтырды.
Республикалық байқау демеушілердің қолдауымен өткізілді:
1.) Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы – студенттік қауымдастықтың барлық жарыстарына қолдау көрсететін алғашқы ұлттық бірлестік.
2.) «Аверон-Казахстан» ЖШС бағалы сыйлықтар ұсынады (стоматологиялық электршпатель, металл керамикаға арналған щеткалар, бренд сағаттар)
3.) Аджио компаниясы (Үндістан) – қатысушыларға арналған блокноттар мен қаламдар, шамдар мен түскі ас;
4.) Dental Shop (FGM Бразилия, President Dental Германия, Ecodent burs Germany – жеңімпаздарға сыйлықтар (жарық шамы – 1 дана, шамы бар турбиналық тұтқа, турбинаның ұштары – 7, толтыру материалдары – 10 шприц.) ұсынды.
Ұйымдастырушылар:
1. «ҚазҰМУ» КЕАҚ стоматология мектебінің деканы, Ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алтынбеков Көбейсін Дүйсенбайұлы;
2. Ортопедиялық стоматология кафедрасының оқу бөлімінің меңгерушісі, Ph.D. Шаяхметова Мейрамкүл Қожахметқызы;
3. Қауымдасқан профессор Нысанова Бақыт Жакенқызы;
4. Медицина ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Жаубасова Айгүл Жанатқызы