Қазақ ұлттық медицина университетінің 95 жылдығы – ректор алғашқы іс-шаралар туралы хабарлады
2025 жылы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 95 жылдығын атап өтеді. Мерейтой аясында КазНМУ Quacquarelli Symonds ұйымын 2025 жылдың күзінде Қазақстан бойынша алдын ала саммит ұйымдастыруға шақырды. Бұл ұйым QS World University Rankings рейтингін құрастырады.
«Қонақтарды шақырып отырмыз – дайындалу қажет. QS рейтингісін көтеруге белсенді жұмыс жасау қажет. Мен жаңа сапада 2025 жылдың маусым-шілде айларында жаңа көрсеткіштерге жетуімізді қалаймын», – деп хабарлады КазНМУ ректоры Марат Шоранов.