Қазақ ұлттық медицина университетінде университеттік емханалардың клиникалық базаларына жөндеу жұмыстары жүргізілді
Оқу жылы алдында жазғы демалыс кезеңінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім беру инфрақұрылымына ауқымды жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары тек кампус пен жатақханаларда ғана емес, сонымен бірге университеттің өз клиникаларының базаларында да жүзеге асырылды, олар:
1. «Ақсай» балалар орталығы
2. Ішкі аурулар орталығы
3. БМСК және диагностика орталығы
«Ақсай» балалар орталығында 15 клиникалық кафедра орналасқан, олар 34 оқу бөлмесін қамтиды. 2024 жылы жалпы аумағы 431 шаршы метрді құрайтын барлық оқу бөлмелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні «Ақсай» балалар орталығының 2024-2025 оқу жылына дайындығы 100% құрайды.
Ішкі аурулар орталығында 8 клиникалық кафедра бао, олар 20 оқу бөлмесінде орналасқан. 2024 жылы жалпы ауданы 242 шаршы метрді құрайтын барлық оқу бөлмелері жөндеуден өтті. Ішкі аурулар орталығының 2024-2025 оқу жылына дайындығы 100% құрайды.
БМСК және диагностика орталығында 10 клиникалық кафедра орналасқан, олар 15 оқу бөлмесі. 2024 жылы жалпы аумағы 263 шаршы метрді құрайтын барлық оқу бөлмелері жөндеуден өтті. БМСК және диагностика орталығы да 2024-2025 оқу жылына 100% дайын.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарда орналасқан ең ауқымды клиникалық базалар желісіне (147) ие. Студенттердің жоғары курс және резиденттердің басым бөлігі осы базаларда оқу және тәжірибеден өтеді. Жаңа оқу жылын биыл олар жайлы жағдайда бастады.