Қазақ ұлттық медицина университетінің дәрігерлері алыс ауылдарға медициналық көмек көрсетті
2024 жылдың 2 қазанынан бастап, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мамандары төртінші рет еліміздің алыс аудандарына медициналық экспедицияға аттанды. Алматы облысының Үйғүр ауданының Қолжат ауылында түрлі мамандықтағы дәрігерлер 150-ден астам тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Төрт күн ішінде консультациялар беріліп, диагностика жүргізіліп, қажетті ем тағайындалды. Сонымен қатар, университет ғалымдары жергілікті тұрғындардың денсаулығының жай-күйін зерттеу жүргізіп, оның нәтижесі ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау бағдарламаларын тиімді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жангентхан Әбілайұлы бастаған дәрігерлер тобы халыққа жоғары білікті көмек көрсетті. Клиникалық кафедралардың дәрігерлері: Багиярова Ф.А. – психотерапевт, Коммуникативтік дағдылар кафедрасының профессоры, Избасарова А.Ш. – невролог, физикалық медицина және реабилитация, спорттық медицина кафедрасының доценті, Кәрімханова А.Т. – педиатр, Н.А. Барлыбаев атындағы балалар аурулары кафедрасының доценті, Шамшидинова М.А. – гастроэнтеролог, магистр, гастроэнтерология кафедрасының ассистенті, жалпы тәжірибелік дәрігер, үшінші курс докторанты Индиршиев В.А., психиатр, терапевт, үшінші курс докторанты Жұнысова А.У., педиатр, екінші курс резиденті Анарбаева Н.Б. 150-ден астам науқасқа көмек көрсетті. Дәрігерлер тобы эндокриндік, неврологиялық, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық және психиатриялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетті.
Практикалық жұмыспен қатар, шизофрения ауруына шалдыққан адамдардың туыстарының психикалық жағдайын зерттеу жөніндегі ғылыми жұмыс жүргізілді. Ауылдық емханаларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, жүкті әйелдер мен сәбилерге патронаж көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін, балаларды дамыту кабинетін және ИВБДВ схемаларын енгізу бойынша ұсыныстар берілді, бұл аймақтағы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
Қолжат ауылының тұрғындары және Үйғүр ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне және оның ректоры Шоранов Марат Едігеұлына консультативтік-медициналық және психологиялық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Бұл миссия алыс аудандардағы адамдардың өмірін өзгерте алатын кәсібилік пен адамгершіліктің айқын үлгісі болды.