Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсіңіздер! Университеттің қабылдау комиссиясында талапкерлердің басты сұрақтарына жауап берілді.
Мыңдаған мектеп түлектері үшін болашақ мамандықты және әрі қарай білімін жалғастыратын оқу орнын таңдау сынды ең маңызды сәт туды. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті өз қатарына ең маңызды мамандықтардың бірі – медицинаны меңгеруге ниет білдіретін барлық талапкерлерді шақырады. Түлектердің болашақ ағымынан бұрын негізгі сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
- ҚазҰМУ оқуға түсу үшін 2022 жылғы түлектерге қандай талаптар қойылады?
Жоғары оқу орындарына, оның ішінде ҚазҰМУ қабылдау нормативтік құжаттармен регламенттеледі, олардың ішінде «Білім туралы Заң», Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидалары, ҰБТ өткізу қағидалары, Білім беру грантын беру қағидалары және тағы басқалар. Талапкерлер үшін негізгі құжаттар орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, сонымен қатар, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы үшін 70 балдан төмен емес ҰБТ сертификаты. Егер талапкер «Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия» немесе «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламаларын таңдаса, оған қосымша барлық медициналық жоғары оқу орындары өткізетін арнайы емтихан – психометриялық тестілеу тапсыру қажет. Бұдан әрі талапкерлер білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады. Конкурс нәтижелері жарияланғаннан кейін талапкерлер университетке берілген грант немесе ақылы негізде қабылданады.
- Биылғы жылы ҚазҰМУ түсу үшін қандай да бір өзгерістер бар ма?
Университеттерге қабылдаудың дәстүрлі форматы осы жылы да қалады. Сонымен қатар, мемлекетпен Маңғыстау және Атырау облыстарынан келген талапкерлерге техникалық мамандықтарға қосымша 10 000 грант бөлінгеніне, оның ішінде ҚазҰМУ білім алу үшін «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасына тиісінше 25 және 20 грант бөлінгеніне назар аударғымыз келеді. Бұл бағытта университет қызметкерлері аталған өңірлерге мектеп түлектері арасында түсіндіру және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді.
Әдеттегідей, барлық нормативтік құжаттар бекітілгеннен кейін оқуға түсу мәселелері бойынша өзекті ақпаратты университеттің сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады, сондай-ақ оффлайн/онлайн режимдерде консультациялар өткізіледі.
- Коронавирустық пандемия университеттің жұмысына қандай өзгерістер енгізді? Бұл қабылдау рәсіміне әсер етті ме?
Әрине, коронавирустық пандемия 2020 және 2021 жылдардағы қабылдау науқанына түзетулер енгізді. Қабылдаудың барлық дерлік кезеңдері қашықтан форматта (соның ішінде виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы) өткізілді, бұл өзі таңдаған университеттің қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен тікелей байланысты қажет ететін талапкерлер үшін кейбір қолайсыздықтар туғызды. Сондықтан, шектеулердің алынып тасталуына байланысты, енді біз қашықтықтан ғана емес, жеке қабылдау барысында кеңес беріп, құжаттарды қабылдай алатынымызға қуаныштымыз, бұл біздің ойымызша, осындай қиын және жауапты кезеңде болашақ студенттерді көптеген сұрақтар мен уайымдардан арылтады.
- Басқа мемлекеттердің азаматтары оқуға қабылданады ма және шетелдіктер үшін қандай ережелер бар?
Біздің университет барлық шетелдік талапкерлер үшін ашық. Ең бастысы – оқуға түсуге қатысты нормативтік құжаттардың барлық талаптарын орындау. Біздің университетте білім беру үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын. Бұл ретте қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес шетелдік азаматтар күнтізбелік жыл ішінде құжаттарды тапсыра алады және біз оларды академиялық күнтізбеге сәйкес түсу тестілері негізінде есептейміз. Бүгінде студенттер географиясы әлемнің 20 астам елі бар және біздің білім беру бағдарламаларымызға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.
Құрметті талапкерлер, Сіздерге дұрыс таңдау жасауды тілейміз, өйткені сіздің дұрыс таңдауыңыз, болашақ өміріңіздің кепілі.