Қазақ ұлттық медицина университетіне 19 елдің жас стоматологтары IADS дүниежүзілік конгресіне жиналды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 69-шы Дүниежүзілік жас стоматологтар конгресі басталды. IADS конгресі -стоматологтар мен студенттер үшін көптен күткен оқиға. Қазақстанның жетекші медициналық университетінде Қазақстан, Ресей, Бельгия, Румыния, Латвия, Кипр, Словакия, Чехия, Египет, Тайвань, Словения, Польша, Түркия, Иордания, Гватемала, Судан, Швеция, Ирак және Германия сынды әлемнің 19 елінен келген ең дарынды жас стоматологтар жиналды.
Конгресте Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандары Marc Habib, Manu Mathur, Азамат Байгулаков, Юлия Менчишева, Алексей Лян және басқа да көптеген спикерлер сөз алып, стоматологияның барлық салаларында баға жетпес білімі мен тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараның ұйымдастырушылары «Қазақстандық жас стоматологтар гильдиясы» ҚБ және халықаралық Association of Dental Students (IADS) компаниясымен бірге «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ болып табылады. Конгресс аясында Қазақстанда алғаш рет IADS Бас Ассамблеясы (Халықаралық жас стоматологтар қауымдастығы) өтеді, онда стоматология мен IADS ұйымдық құрылымындағы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері талқыланады.
Бүгін Дүниежүзілік конгрестің бірінші күні шетелдік және қазақстандық жас стоматологтардың қатысуымен теориялық сабақтар өтті. Ертең С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде бірнеше бағыт бойынша практикалық шеберлік сабақтары өтеді: тістерді көркемдеп қалпына келтіру, хирургиялық стоматологиядағы жұмсақ тіндердің пластикасы, тілдік ортодонтия және т.б. сондай-ақ стоматологиялық олимпиада және ғылыми баяндамалар және клиникалық кейстер конкурсы ұйымдастырылады.
Стоматолог студенттердің халықаралық қауымдастығы 1951 жылы Данияда бүкіл әлем бойынша стоматолог-студенттердің білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында құрылған. Әлемнің шамамен 67 елінде 200000 астам стоматолог-студенттердің мүдделерін білдіреді. Конгрестің басты мақсаты – өз тәжірибесін молайтуға, әлемнің түкпір-түкпірінен келген делегаттармен идеялар алмасуға және стоматологиялық ойлауды дамытуға мүмкіндік беру.