Қазақ ұлттық медицина университеті ең үздік талапкерлерді қабылдайды
Университетке Қазақстан бойынша ең жоғары бал жинаған грант иегерлері түседі. «Стоматология» мамандығы бойынша ҰБТ нәтижесі 137 балл. Университет мектеп қабырғасында оқуда және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен үздік студенттерді, «Алтын белгі» иегерлерін, олимпиада жеңімпаздарын, спорт шеберлерін қабылдайды.
2023 жылы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша грант алу үшін 127 балл, ауылдық квота бойынша – 120, «Педиатрия» бойынша — 113 балл, ауылдық квота бойынша — 107, «Стоматология» бойынша — 137 балл, ауылдық квота бойынша – 135, «Мейірбике ісі» бойынша – 107, ауылдық квота бойынша – 103 балды құрады, «Фармация» – 120, ауылдық квота бойынша – 110, «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 111, ауылдық квота бойынша-100, «Медициналық – профилактикалық іс» – 104, ауылдық квота бойынша-97.
2023-2024 оқу жылында Қазақ ұлттық медицина университеті танымал университеттер қатарында қала береді. 31 тамыздағы деректерге сәйкес университетке 3032 студент қабылданды, олардың 2638 бакалавр, 375 магистр және 19 докторантура. Талапкерлердің басым бөлігі «Медицина» мамандығын таңдаған – 1094, саны жағынан екінші орында – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» – 525, ал үшінші орында – «Стоматология» – 410. Биыл «Мейірбике ісі» мамандығы жақсы толықты. Аталған қысқартылған бағдарлама бойынша 298 студент білім алады. Сонымен қатар Университетке 137 болашақ педиатр оқуға түсті.
Магистранттар арасында ең танымал мамандықтар «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» және «Медициналық-профилактикалық іс». Сондай-ақ Университетке «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ғылымы», «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша 19 докторант қабылданды.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазақ-ұлттық-медицина-университеті-е/