Қазақ ұлттық медицина университеті МСАК және диагностика орталығы. Емханаға тіркелуге жолдары қандай?
Қазақ ұлттық медицина университетінің Университеттік клиникасының МСАК және диагностика орталығында тіркелген халыққа медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық алғашқы көмек көрсетіледі.
«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ университеттік клиникасының медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) және диагностика орталығында тіркелген халыққа медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық алғашқы көмек көрсетеді. МСАК орталығының қызметі медициналық көмек көрсетудің тиімді және қолжетімді жүйесін құру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінде МСАК орталығы Алматы қаласындағы университеттердің білім алушыларына, ҚазҰМУ қызметкерлеріне және аумақ халқына медициналық қызмет көрсетеді.
Сіздерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 5 қарашасына дейін «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ Университеттік клиникасының МСАК және диагностика орталығына еркін тіркелу науқаны басталғаны туралы хабарлаймыз. Науқан аясында әр тұрғын қалауы бойынша тіркеле алады.
Тіркеу мәселелері бойынша МСАК әкімшілігіне жүгінуге болады (Шевченко 126, 402 А кабинет, байланыс телефоны: 8 702 235 8007).
Өз бетінше тіркелу үшін Сіздерге:
– кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ЭЦҚ кілтін (электрондық цифрлық қолтаңба) алу– egov. kz жүйесіне кіру – жеке кабинетке кіру – денсаулық сақтау бөлімі – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу – онлайн қызметке тапсырыс беру – Алматы, Алмалы ауданы – тіркеу үшін ұйымды белгілеу – «Қазақ ұлттық медициналық университеті» КЕАҚ – «еркін таңдау» тіркеудің себебі – дәрігер О.Т. Абдуллаева – ұялы телефонды көрсету – сұраныс жіберу қажет.
Сұранысты жібергеннен соң немесе өзге де сұрақтар бойынша 8 702 235 80 07 телефон нөміріне хабарласуға болады.