Қазақ ұлттық медицина университетінде 94-ші оқу жылы басталды
Құрметті С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері, профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері!
Білім күнімен және оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Білім беретін ұстаздар мен білім алушыларға қажырлы еңбек, білім шыңына табысты нық қадамдар тілейміз. Дәстүр бойынша дәл бүгінгі күн студенттер мен ұстаздар жұмысындағы кезекті кезеңнің маңызды бастауы, жаңа бастамалар мен өршіл жоспарлардың нышаны болып табылады. Ал бүгінгі білім ордамыздың табалдырығын аттап отырған 3000 астам бірінші курс студенттері үшін бұл өмірлерінің жаңа, ең үлкен және қызықты кезеңінің басталуы, медицина саласының маманы болып қалыптасуларының алғашқы сатысы болмақ.
Сіздер қазақстандық медицина, фармация мен медицина ғылымының элитасының қатарына қосылып, бай тарихымыздың бір бөлшегіне айналасыздар. Қазақ ұлттық медицина университеті өзінің даңқты тарихының 93 жылы ішінде университет даңқын Қазақстанда және одан тыс елдерде де асқақтатқан жоғары білікті медицина мамандарының, көрнекті ғалымдардың, емдеу мен диагностиканың жаңа әдістерін әзірлеушілердің ондаған буынын дайындады.
Бүгін біз жаңа оқу жылына жоғары білікті мамандарды даярлаудағы жаңа ашылулар мен табыстарға зор үміт артып, қадам басып отырмыз, олсыз отандық практикалық денсаулық сақтау мен медицина ғылымының алдында тұрған ауқымды міндеттерді шешу мүмкін емес.
Қыркүйектің алғашқы күні баршамызға мерейлі мерекелік көңіл-күй сыйлап, жыл бойына оң қарқын берсін. Баршаңызға оқуда, өмірде тек сәттілік, барлық жоспарларыңыз бен арман-тілектеріңіз жүзеге асуын тілейміз.