Қазақ ұлттық медицина университеті 93 жылдығын атап өтуде!
Құрметті Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері, оқытушылары, қызметкерлері 2 желтоқсан Қазақстандағы алғашқы медициналық жоғары оқу орнының 93 жылдығын атап өтеміз.
Қазақ ұлттық медицина университеті Қазақстандағы 100 мыңнан астам үздік дәрігерлердің білім ордасы. Бүгінде университетте 15814 студент мақтанышпен білім алуда. Университетке әлемнің 39 елінен келген 2951 шетелдік студент сенім артады. Бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентураға арналған 89 білім беру бағдарламасы бар. Қазақстандық халықаралық рейтингтердегі ең жоғары көрсеткіштерге ие.
ҚазҰМУ – жоғары білім беру мен ғылыми әлеуетті біріктіретін Орталық Азиядағы көшбасшы университет. Біздің болашаққа жоспарларымыз өршіл, мақсаттарымыз биік! Сүйікті университетімізге құттықтау жолдап, тек жоғары жетістіктер тілейік!