ҚазНМУ-да криминалистикалық мейіргерлік ғылымының негізін қалаушы Вирджиния Линч сөз сөйледі
2025 жылғы 17 қарашада С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ-да халықаралық деңгейде танылған сарапшы, криминалистикалық мейірбике ғылымының негізін қалаушы Вирджиния А. Линч (Virginia A. Lynch, MSN, RN, FCNS, DF-IAFN, DF-AAFS, FAAN) «Криминалистикалық мейірбике ғылымы. Гендерлік зорлық-зомбылық» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шара денсаулық сақтау және мейірбике ісі саласындағы мамандардың назарын аударды.
Вирджиния Линч – forensic nursing халықаралық мектебінің дамуындағы басты тұлға, әлемдегі алғашқы сот-медициналық мейірбикелерге арналған білім беру бағдарламаларының авторы. Ол Американдық сот-медициналық мейірбикелер қауымдастығының (IAFN) және Американдық сот ғылымдары академиясының (AAFS) құрметті мүшесі, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күресте танымал көшбасшы.
Өз сөзінде Вирджиния Линч гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудегі сот-медбикенің рөліне қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі баяндады. Дәрістің негізгі тақырыптары:
- медицина қызметкерлерінің зардап шеккендермен өзара әрекеттесу ерекшеліктері;
- trauma-informed тәсілінің принциптері;
- сот дәлелдемелерін жинау, тіркеу және сақтау әдістері;
- осал топтармен жұмыс істеудің этикалық және құқықтық аспектілері;
- жәбірленушілердің құқықтарын қамтамасыз ету және ведомствоаралық өзара іс-қимыл сапасын арттыру.
Лектор сот-медициналық мейірбикелердің халықаралық жұмыс стандарттарына, практикалық мысалдарға және мейірбике ісін, құқық пен әлеуметтік қолдауды біріктіретін кешенді тәсілдің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Дәріс кәсіби тәжірибе алмасуға және сот-медициналық мейірбике ісі саласындағы заманауи білімді таратуға ықпал ететін маңызды білім беру алаңына айналды. Қатысушылар ұсынылған материалдың жоғары практикалық құндылығын, алынған білімді клиникалық, сараптамалық және әлеуметтік практикада қолдану мүмкіндігін, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін мамандарды кәсіби даярлауды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.















