Қазіргі жаһандық үрдістер аясындағы неврология
2025 жылғы 5 қыркүйекте XVIII Халықаралық «Адам және Дәрі – Қазақстан» Конгресі аясында «Қазіргі жаһандық үрдістер аясындағы неврология» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конгресс ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылға арналған ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жоспарына енгізілген. Конференция гибридті форматта ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚР Неврологтар қауымдастығы, жүйке аурулары кафедрасы. Конференцияның модераторлары: ҚР Неврологтар қауымдастығының президенті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының профессоры Нургужаев Е.С. және осы кафедраның қауымдастырылған профессоры Нуржанова Р.Б.
Конференция бағдарламасы қазіргі неврологиядағы ең өзекті мәселелерді қамтыды, атап айтқанда: соматоформды, невроз тәрізді және невротикалық психикалық бұзылыстар мен ұйқының бұзылуы, сондай-ақ ұйқысыздықты емдеудің негізгі тәсілдері (Распопова Н.И., медицина ғылымдарының докторы, «ҚРМУ» НУО қауымдастырылған профессоры, жоғары санатты психиатр-дәрігер; Байдәулетова А.И., медицина ғылымдарының кандидаты, невролог-сомнолог, «Нейроклиника» ММ); антипсихотиктермен ұзақ мерзімді терапияның науқастар өліміне әсері (Алтынбеков С.А., м.ғ.д., Зальцман атындағы психиатрия кафедрасының профессоры, ҚР психиатрлар қауымдастығының төрағасы); инсульттан кейінгі когнитивтік бұзылыстар, ишемиялық инсульттің клиникалық ерекшеліктері және заманауи емдеу тәсілдері (Нуржанова Р.Б., м.ғ.к., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Есжанова Л.Е., профессор, МУА неврология кафедрасының меңгерушісі, Құдайбергенова А.С., м.ғ.к., «ҚРМУ» ЖОО кейінгі білім беру институтының «Неврология және нейрореабилитация» білім беру курсының жетекшісі).
Дәрігер тәжірибесіндегі мазасыздық белгілерінің палитрасы және пациентке қалай көмектесу керектігі туралы Э.Б. Атантаева баяндады – м.ғ.к., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ӨФҒЗИ Құрметті профессоры. Ауырсыну синдромдарына арналған баяндамаларды келесі спикерлер ұсынды: Нургужаев Е.С., м.ғ.д., С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының профессоры, «Неврологтар қауымдастығы» ҚБ төрағасы; Әбілова Г.Т., медицина магистрі, жоғары санатты невролог-реабилитолог, «ҚРМУ» физикалық медицина және оңалту курсының аға оқытушысы, «Rekinetix» оңалту орталығының маманы. Ересектердегі жұлын бұлшықет атрофиясы мәселесіне Нуржанова Р.Б.-ның баяндамасы арналды. Кафедра қызметкерлерінің баяндамалары залда және тікелей эфирде шынайы қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды. Бұл Конгресс тәжірибелік мамандар жұмысының теориялық және практикалық маңызды қырларын қамтыды.