Қазіргі заман қаһармандарын оқыту: Қазақ ұлттық медицина университеті полиция қызметкерлері мен құтқарушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету курстарын ұйымдастырды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тегін оқыту басталады. «Алтын сағат» алғашқы медициналық көмек мектебі» деп аталатын курстың мақсаты – қиын жағдайларда алғашқы болып көмекке келушілердің дайындығын жетілдіру.
«Алтын сағат» ережесі зардап шеккен адамның жағдайын тез тұрақтандыру және оның жағдайының нашарлауына жол бермеу, зардап шеккен адамға медициналық көмекті, оның ішінде шұғыл көмекті мүмкіндігінше тез және тиімді көрсету.
Университеттің әлеуметтік акциясы аясындағы алғашқы тренинг 12 сәуірде өтеді.
«Соңғы оқиғалар біздің кез келген сын-қатерге дайын болуымыз қажеттігін көрсетті. Біз қазіргі заман қаһармандарын даярлау арқылы қаламыздың әрбір тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосамыз. Бұл біздің әрбір алматылық үшін қауіпсіз кеңістік құруға қосқан үлесіміз.
Біздің міндетіміз – білім мен тәжірибе алмасу арқылы қоғамдастықтың денсаулығы мен әл-ауқатын арттыру. Сондықтан біз бұл тренингтерді әрбір алматылық өзін сенімді сезінуі әрі қазіргі заман қаһармандары өмірдің кез келген сынақтарына жақсы дайындалуы үшін қолға алып отырмыз», – дейді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
Ағымдағы дайындық деңгейіне қарамастан, алғашқы медициналық көмек бойынша білім кем дегенде жылына бір рет мерзімді түрде жаңартылуы қажет. Оқыту жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Осылайша, қосымша ресурстарды қажет етпей-ақ, құтқарылған адамдардың санын және алғашқы медициналық көмектің сапасын жақсартуға болады.
Тренингті С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Симуляциялық орталығы мен Қосымша және кәсіптік білім беру институтының қызметкерлері жүргізеді. Бұл халықаралық ұйымдарда, атап айтқанда Израиль, АҚШ және Ресейде білім алған сертификаты бар тренерлер. Олар үлкен клиникалық және педагогикалық тәжірибесі бар білікті дәрігерлер.
Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері тек теориялық сабақтар ғана емес, муляждарда практикалық жаттығулар да жасайды, онда олар әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуді, соның ішінде суда құтқарылған адамдарға көмек көрсетуді дағдылана алады. Жаттығулар үшін өте шынайы 6-шы буын тренажерлары қолданылады. Бұл тренингке қатысушыларға алған дағдыларын іс жүзінде, нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді.
Келесі жаңдайлар пысықталады:
− есті жоғалту;
− тыныс алу мен қан айналымын тоқтауы;
– сыртқы қан кету;
− жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде заттар;
− дененің әртүрлі аймақтарының жарақаттары
Жедел медициналық жәрдем келгенше көмек көрсетіледі, содан кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылады.
Алғашқы медициналық көмек көрсету курстары төтенше жағдайларға дайындық деңгейін көтеріп қана қоймай, жазатайым оқиғалар мен апаттар салдарынан болатын өлім-жітім мен мүгедектікті азайтуға жасалған қадам болмақ. Тренинг бағдарламасы әлемдік тәжірибе мен алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы соңғы ғылыми әзірлемелерді ескереді, бұл бастаманы сейсмикалық және жол қауіптілігі жоғары қала үшін әсіресе өзекті және маңызды етеді.
Алғашқы медициналық көмектің мақсаты – зардап шегушілерді құтқару, яғни оның өміріне төнген қауіпті жою, одан әрі зақымдану мен ықтимал асқынулардың алдын алу. Алматыда болған қатты жер сілкінісі халыққа алғашқы шұғыл көмек көрсетуде білім мен дағдыларды жетілдіру қажеттілігін анықтады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың сейсмикалық қауіпсіздігі сейсмикалық қызметтің сапасына ғана емес, сонымен қатар сейсмикалық білімнің жалпы деңгейіне және халықтың психологиялық дайындығына, оның ішінде алғашқы шұғыл көмек көрсетуге байланысты болады.
Алматы Қазақстан Республикасындағы жол-көлік оқиғаларының саны бойынша көш бастап тұр. 2023 жылы Алматы қаласындағы ЖКО саны 1,9 мың жағдайды құрады (1897 адам жараланды, 51 адам қаза тапты). Алматы үшін тағы бір үлкен проблема – самокаттар мен мопедтердің қатысуымен болған ЖКО санының өсуі.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар және Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің жоспарлы саны: 1300 адам
Өткізілетін орны:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің симуляциялық орталығы, Сейфуллин көшесі, 579, Шевченко қиылысы, 4-қабат.
Бұл жерде Симуляциялық орталыққа 3D экскурсия жасай аласыз. Бұдан бұрынғы тренингтердің бірінің фотосуреттеріне сілтеме.
Симуляция орталығы туралы
Жалпы ауданы 2500 шаршы метрді құрайтын ҚазҰМУ симуляциялық орталығы Қазақстандағы ең ірі болып табылады. Онда жаттығу жабдықтары, тренажерлар, манекендер мен муляждардан тұратын 500 астам құрал-жабдықтар бар. Клиникалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі әртүрлі проблемалық жағдайлар виртуалды тренажерлар мен роботтық манекендерде кезең-кезеңмен өңделеді, бұл студенттердің клиникалық ойлау дағдыларын дамытуға және кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.
Симуляциялық орталық білім берудің барлық деңгейінде келесі сабақтарды ұсынады:
- Бакалавриат – негізгі дағдылар;
- Практика – арнайы дағдылар;
- Резидентура – арнайы, нақты дағдылар;
- Докторантура – мамандандырылған, жүйелі дағдылар;
- Қазіргі денсаулық сақтау мамандары, парамедиктер және жеке тұлғалар.