ҚазҰМУ белсенді студенттері «Алматы жастар қаласы» атты бүкіл қалалық жастар форумына қатысты
2017 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілген Жастар форумының салтанатты кешіне «Жалпы медицина», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектептерінің белсенді студенттері қатысып, жастарға бағытталған маңызды бағдарламалар желісімен танысып, келешекке деген мақсаттарын айқындай түсті. Сондай-ақ, студент жастардың кездесуіне арналған форумдардың жиі өткізілуі жастардың жан-жақты дамуы және білім мен тәрбиені қатар алып жүруіне ықпал етеді деген сенімдеміз.
Жастар саясаты басқармасы