ҚазҰМУ Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2017
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры міндетін атқарушы М.А. Камалиевтің 2017 жылғы 28 наурызындағы №131 бұйрығына сәйкес «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ҚазҰМУ-2017» іс-шарасын жүргізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы құрылды, оның құрамына төмендегідей тұлғалар енді:
Төраға: Джумашева Р.Т. – б.ғ.д., профессор, тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор.
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі;
Шопаева Г.А. – м.ғ.д., профессор, «Жалпы медицина» факультетінің деканы;
Сакипова З.Б. – фарм.ғ.д., «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінің деканы;
Амантаев Б.А. – м.ғ.к., «Стоматология» факультетінің деканы;
Давлетов К.К. – м.ғ.к., қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, «Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, мейірбике ісі және менеджмент» факультетінің деканы;
Сыдыкова С.И. – м.ғ.к., дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы;
Бошкаева А.К. – фарм.ғ.д, PD-докторантура және магистратура бөлімінің басшысы;
Кусаинова А.Т. – медицина ғылымдарының магистрі, Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының басшысы;
Есімбекова П.М. – Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының маманы, комиссия хатшысы.
Төмендегідей құжаттар дайындалып, бекітілді:
– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу жоспары;
– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі іс-шарасын өткізілу бағдарламасы.
Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеп жүрген бітірушілердің мүдделерін жақындастыру .
2017 жылдың 14 сәуір күні ҚазҰМУ-да 2016-2017 оқу жылының бітірушілеріне арналған Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оған төмендегідей мамандықтар бойынша білім алған бітірушілер қатысты:
№ р\с | Мамандықтар | Бітірушілер саны |
1 | Жалпы медицина (Терапия) | 221 |
2 | Жалпы медицина (Акушерлік іс және гинекология) | 62 |
3 | Жалпы медицина (Хирургия) | 118 |
4 | Жалпы медицина (Жалпы тәжірибе дәрігер) | 309 |
5 | Жалпы медицина (Педиатрия) | 46 |
6 | Стоматология | 127 |
7 | Мейірбике ісі | 20 |
8 | Медициналық-профилактикалық іс | 57 |
9 | Қоғамдық денсаулық сақтау | 57 |
10 | Фармация | 95 |
11 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | 64 |
12 | Резидентура | 152 |
13 | Магистратура | 83 |
14 | PhD докторантура | 25 |
Барлығы: | 1436 |
Медициналық мамандарға тапшылық және шараға қатысу үшін ресми сұраныстар Алматы, Астана қалалық және барлық облыстардың денсаулық сақтау басқармаларына және ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне, ғылыми-зерттеу-институттары мен ғылыми орталықтарға жіберілді.
Университетке 2437 бос жұмыс орындарына сұраныстар түсті. Айрықша талап етілген мамандықтар: участкелік педиатрлар мен терапевттер, акушер-гинекологтар, жалпы практик дәрігерлер, анестезиолог-реаниматологтар, кардиологтар, психиатрлар, невропатологтар, нефрологтар, офтальмологтар, жедел жәрдем дәрігерлері, онкологтар және т.б.
Жәрмеңкегеі қатысқан өкілдер:
№ | Аймақтар | Өкілдер | Ұйымдар
|
1 | Алматы қаласы
|
108 | 66 |
2 | Астана қаласы | 2 | 2 |
3 | Алматы облысы | 44
|
34 |
4 | Атырау облысы
|
3 | 3 |
5 | Ақмола облысы
|
9 | 6 |
6 | Жамбыл облысы
|
8 | 8 |
7 | Шығыс Қазақстан облысы
|
5 | 5 |
8 | Батыс Қазақстан облысы
|
6 | 5 |
9 | Маңғыстау облысы
|
13 | 13 |
10 | Қарағанды облысы | 5
|
5 |
11 | Қызылорда облысы | 4 | 4 |
12 | Солтүстік Қазақстан облысы | 2 | 2 |
13 | Қостанай облысы | 5
|
4 |
14 | ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменттері | 2 | 2 |
15 | ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитеті | 13 | 7 |
16 | ҚР Қорғаныс министрлігі
|
2 | 2 |
17 | Фармацевтикалық компаниялар | 11 | 11 |
Барлығы: 13 аймақтан | Барлығы: 242 өкіл
|
Барлығы: 179 ұйым |
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ҚазҰМУ-2017» іс-шарасын құттықтау сөзбен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы, м.ғ.д., профессор Камалиев Максут Адильханұлы ашты.
Бітірушілер алдында денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері сөз сөйледі:
– Төсекбаев Қ.Д. – Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
– Исабеков Н.А. – Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары;
– Рахметов М.Қ. – Талдықорған қаласының Облыстық ауруханасының директоры, сонымен қатар өздерінің аймақтары мен емдік ұйымдарын, жоғары медициналық білімі бар мамандарға тапшылық қажеттілігін таныстырған көптеген медициналық ұйым өкілдері. Жұмыс берушілерден барлығы сөз сөйлеу- баяндама үшін 22 сұраныс берілді.
Театр фойесінде Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдарының бітірушілерге арналған көрмесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке аясында ұйымдастырылған жеке кездесу кезінде Республиканың медициналық ұйымдарының көптеген өкілдері баяндама жасап, өздерінің аймақтары туралы, облыстың медициналық ұйымдары туралы, медициналық тапшылық және берілетін әлеуметтік көмектер туралы айтып берді. Жұмыс берушілер өздерінің ұйымдарының баннерлерін және аңдатпаларын дайындап алып келді.
Денсаулық сақтау басқармалары, Республиканың тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, фармацевтикалфқ компаниялардың және медициналық ұйымдардың өкілдері арасында бітірушілермен жеке жұмыс жасауына барлық жағдай жасалды, бітірушілер өздері үшін жұмыс жағдайын, берілетін әлеуметтік көмек туралы толық анықтап алуға мүмкіндік алды. Жұмыс берушілер мен бітірушілер арасында жұмысқа орналасу бойынша 3-жақты келісім шарт жасалынды, жұмысқа орналасу бойынша кепіл хаттар алынды.
2017 жылғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қатысушылары біздің бітірушілерге бар жақсылық, университетті жақсы бітірулерін тілеп, оларды өздерінің ұйымдарында қызметкер ретінде асыға күтетіндерін айтты.
Шараға ақпараттық қолдау көрсеткендер:
– ҚазҰМУ баспасөз қызметі;
– «Алматы» телеканалы;
– «Tengrinews.kz» ақпараттық агенттігі;
– «med.365info.kz» ақпараттық агенттігі.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту
және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы