ҚазҰМУ білім беруде жасанды интеллекттіқалай пайдаланады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім беру үдерісіне жасанды интеллект енгізу бойынша жоспар әзірленеді. Бұл туралы ректор Мұрат Шоранов профессор-оқытушылар құрамымен кездесуде мәлімдеді.
«Жасанды интеллекттің пайдасы немесе зияны туралы айту, бағалау қиын. Мүмкін, бұл үлкен мүмкіндік. Біз өзімізге ЖИ-ды қалай қолдану керегін, тәжірибеге енгізуге мақсат қоюымыз керек», – деді ректор.
Нархоз университеті ҚазҰМУ үшін ЖИ бойынша бірнеше модульдер әзірлеуге келісті. Университеттің профессор-оқытушар құрамының 30 өкілі білім беру үдерісіне енгізу жолын қарастыру үшін Нархозда оқудан өтеді.
«Ең қызығы, қазірдің өзінде жасанды интеллектті жұмыс істеуге қолданатынын және ешқандай өзгертпестен тапсыратынын ашық айтатын студенттер бар. Білім беру жүйесі айтарлықтай өзгеруі керек, біз жасанды интеллектті түсінуге, онымен өмір сүруге бейімделуіміз керек», – деп түйіндеді ректор.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазұму-білім-беруде-жасанды-интеллек/