ҚазҰМУ – Білім беру рейтингтерінде жоғары көрсеткіштері
Университет 2023 жылғы Хирш индексі бойынша Қазақстанның ұлттық рейтингінің ТОП -5 қатарында нық орналасқан. Элиталық QS World University Ranking 2023 жылы Қазақ ұлттық медицина университеті 2462 әлемдік университеттер арасында 651-700 позициясын иеленеді. Сондай-ақ ҚазҰМУ медициналық жоғары оқу орындары арасында «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Білім және ғылымды дамыту орталығының рейтингінде бірінші орынды, Қазақстан университеттері арасында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жоғары оқу орындарының сұранысының Ұлттық рейтингінде жоғары орынды иеленді.
Университет Қазақстанның медициналық университеттері арасында Web of Science Core Collection «Журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» номинациясы бойынша Ғылым көшбасшысы -Web of Science Awards тәуелсіз сыйлығының иегері болып табылады.
«ҚазҰМУ хабаршысы» ғылыми журналы РҒДИ деректер базасында бірінші орынға ие болды, Web of science group платформасында Russian citation index жетекші деректер базасына енді.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (НААР) ҚазҰМУ бакалавриат бағдарламалары елдегі ең үздік деп танылды. ҚР үздік магистратура бағдарламалары – фармация, мейірбике ісі, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс; докторантура – фармация, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау.