ҚазҰМУ веб-сайты тағы да еліміздің үздік сайттарының төрттігінде және медициналық ЖОО ішінде бірінші орында тұр!
Әлемнің университеттік сайттарының Бүкіләлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша ҚазҰМУ веб-сайты тағы да Қазақстанның үздік сайттары төрттігіне енді және планетамыздың 12 000 университеті қатысқан рейтингтің 3433 орнын иеленді.
Жаңа саралаудың нәтижелері 2015 жылғы 1 тамызда Laboratorio de Internet испандық зерттеу зертханасының сайтында жарияланды.
Рейтингтің бірінші орнында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет, республикамыз бойынша екінші орында – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Қазақстан бойынша үшінші орын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қанжығасында. Рейтингке барлығы 106 қазақстандық ЖОО қатысты.
Қазақстанның медицина университеттерінің сайттары рейтингте келесі тәртіппен орналасқан:
Республика бойынша 28-ші орында және әлемде 11106-шы орында – Астана медицина университеті. Еліміз бойынша 34-ші орын және әлемдік рейтингте 11615 орын Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің еншісінде. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің сайты Қазақстан бойынша 47-орынды және әлемдік рейтингтен 13529 орынды алды. Саралау бойынша келесі республика бойынша 64-ші орында және әлем бойынша 5830-шы орында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті тұр. Медициналық ЖОО сайтының рейтингінің тізімін еліміз бойынша 104 орында және әлем бойынша 23079 орында тұрған Қазақстан-Ресей медицина университеті тәмамдайды.
Webometrics халықаралық рейтингі жылына екі рет – қаңтар және шілде айларында шығатынын естеріңізге саламыз. Қаңтар айында шыққан соңғы нәтижеде www.kaznmu.kz веб-порталы дәл осылай төртінші орынды және Қазақстанның медицина ЖОО арасында бірінші орынды алған болатын.
ЖОО-ң рейтингтегі орны оқу орнының білім беру және ғылыми жетістіктерін көрсететін ЖОО веб-сайтының сапасына қарай бағаланады.
Рейтингтің негізінде ЖОО-ң негізгі доменінің веб-деректерін ескеретін төрт критерий бар (әр критерийдің оның мәніне сәйкес келетін белгілі бір салмақтық коэффициенті бар):
1. Сайттың өлшемі (size — S) – төрт іздеу жүйесінің Google, Yahoo, MSN және Exalead (салмағы — 25%) деректері бойынша есептелетін сайттағы беттердің жалпы саны. Университеттің құрылымы мен қызметін сипаттайтын толық ақпарат беретін сайт студенттерді де, әртүрлі елдің ғалымдарының да назарын аударады.
2. Дәйектілігі/көрінісі (visibility — V) – басқа ресурстардан Yahoo, MSN және Exalead жүйелері арқылы сайтқа алынған, сайтта жарияланған материалдардың маңыздылығы мен сапасы жайлы ақпар беретін (салмағы — 50%) бірегей гипермәтіндік сілтемелер саны. Сайтқа сыртқы сілтемелердің саны университеттің адамдарға қаншалықты қызықты екенін көрсетеді, сайттың байқалуының бағасы болып табылады, және де ол жерден дәйектеліп алыған материалдардың беделділігін де көрсетеді.
3. «Бай» файлдар/деректері бар файлдар (rich files — R) – Adobe Acrobat (pdf), Adobe PostScript (.ps), Microsoft Word (doc) and Microsoft Powerpoint (ppt) арқылы архивтелген ғылыми жұмыстар мен зерттеулер нәтижелерінің жарияланымдарының файлдар саны (салмағы — 12,5%). Бұл форматтар көбінесе ғылыми жұмыстарды және зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін қолданылады деп саналады. Мұндай файлдардың көптеген саны сайтта тек әкімшілік есептер мен қызметтік материалдар ғана ұсынылмағанын көрсетеді. PostScript and Powerpoint форматтарындағы файлдар ғылыми жарияланымдардың бар екенін көрсетері сөзсіз әрі бұл ЖОО-ң ғылыми қызметінің көрсеткіші болып табылады.
4. Google Scholar деректер базасынан жиналатын сайттың ғылыми жарияланымдар саны мен оларға басқа авторлар жасаған сілтемелер ( Sc салмағы — 12,5%).
Алайда рейтингтік орындарды қолдау және жақсарту – бұл қызметкердің қатысуын талап ететін ортақ іс, өйткені ҚазҰМУ алдында басты мақсат тұр – әлемдік білім беру процесінің көшбасшыларының бірі болу.
ҚазҰМУ ұжымын құттықтаймыз!!!
Рейтинг нәтижелерімен http://www.webometrics.info/en/asia/kazakstan сілтемесі арқылы Webometrics Ranking of World Repositories сайтынан таныса аласыздар
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі