ҚазҰМУ веб-сайты тағы да еліміздің үздік сайттарының төрттігінде және медициналық ЖОО ішінде бірінші орында!
2 ақпанда Webometrics Әлемнің университеттік сайттарының Бүкіләлемдік рейтингі ҚазҰМУ веб-сайты тағы да Қазақстанның үздік сайттары төрттігіне енген рейтингіні жариялады және планетамыздың 25 000 астам университеті қатысқан рейтингтің 3095 орнын иеленді. Сондай-ақ ҚазҰМУ сайты Қазақстан ЖОО арасында тағы да бірінші орынды қанжығасына байлады. ҚазҰМУ Веб-порталы көптеген жылдан бері елімізде нақты ұстанымдарды ұстанып келеді және 338 позицияға жоғары көтерлді, ал қазір әлем бойынша 3095 орында, ал Азия бойынша 1031 орында тұр.
Жаңа саралаудың нәтижелері 2016 жылғы 2 ақпанда Laboratorio de Internet испандық зерттеу зертханасының сайтында жарияланды.
Рейтингтің бірінші орнында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, республика бойынша екінші орында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет. Еліміз бойынша үшінші орын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қанжығасында. Рейтингке барлығы 102 қазақстандық ЖОО қатысты.
Қазақстанның медицина университеттерінің сайттары рейтингте келесі тәртіппен орналасқан:
Республика бойынша 33-ші орында және әлемде 12057-ші орында – Астана медицина университеті. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің сайты Қазақстан бойынша 34-орынды және әлемдік рейтингтен 12296 орынды алды. Саралау бойынша келесі республика бойынша 53-ші орында және әлем бойынша 14453-ші орында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті тұр. Еліміз бойынша 62-ші орын және әлемдік рейтингте 15609 орын Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің еншісінде. Қазақ мемлекеттік медицина академиясы 65 орында және әлем бойынша 16330 орында тұр. Медициналық ЖОО сайтының рейтингінің тізімін еліміз бойынша 98 орында және әлем бойынша 22493 орында тұрған Қазақстан-Ресей медицина университеті тәмамдайды.
Webometrics халықаралық рейтингі жылына екі рет – қаңтар және шілде айларында шығатынын естеріңізге саламыз. Шілде айында шыққан соңғы нәтижеде www.kaznmu.kz веб-порталы дәл осылай төртінші орынды және Қазақстанның медицина ЖОО арасында бірінші орынды алған болатын.
ЖОО-ң рейтингтегі орны оқу орнының білім беру және ғылыми жетістіктерін көрсететін ЖОО веб-сайтының сапасына қарай бағаланады.
Рейтингтің негізінде ЖОО-ң негізгі доменінің веб-деректерін ескеретін төрт критерий бар (әр критерийдің оның мәніне сәйкес келетін белгілі бір салмақтық коэффициенті бар):
1. Сайттың өлшемі (size — S) – төрт іздеу жүйесінің Google, Yahoo, MSN және Exalead (салмағы — 25%) деректері бойынша есептелетін сайттағы беттердің жалпы саны. Университеттің құрылымы мен қызметін сипаттайтын толық ақпарат беретін сайт студенттерді де, әртүрлі елдің ғалымдарының да назарын аударады.
2. Дәйектілігі/көрінісі (visibility — V) – басқа ресурстардан Yahoo, MSN және Exalead жүйелері арқылы сайтқа алынған, сайтта жарияланған материалдардың маңыздылығы мен сапасы жайлы ақпар беретін (салмағы — 50%) бірегей гипермәтіндік сілтемелер саны. Сайтқа сыртқы сілтемелердің саны университеттің адамдарға қаншалықты қызықты екенін көрсетеді, сайттың байқалуының бағасы болып табылады, және де ол жерден дәйектеліп алыған материалдардың беделділігін де көрсетеді.
3. «Бай» файлдар/деректері бар файлдар (rich files — R) – Adobe Acrobat (pdf), Adobe PostScript (.ps), Microsoft Word (doc) and Microsoft Powerpoint (ppt) арқылы архивтелген ғылыми жұмыстар мен зерттеулер нәтижелерінің жарияланымдарының файлдар саны (салмағы — 12,5%). Бұл форматтар көбінесе ғылыми жұмыстарды және зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін қолданылады деп саналады. Мұндай файлдардың көптеген саны сайтта тек әкімшілік есептер мен қызметтік материалдар ғана ұсынылмағанын көрсетеді. PostScript and Powerpoint форматтарындағы файлдар ғылыми жарияланымдардың бар екенін көрсетері сөзсіз әрі бұл ЖОО-ң ғылыми қызметінің көрсеткіші болып табылады.
4. Google Scholar деректер базасынан жиналатын сайттың ғылыми жарияланымдар саны мен оларға басқа авторлар жасаған сілтемелер ( Sc салмағы — 12,5%).
Алайда рейтингтік орындарды қолдау және жақсарту – бұл қызметкердің қатысуын талап ететін ортақ іс, өйткені ҚазҰМУ алдында басты мақсат тұр – әлемдік білім беру процесінің көшбасшыларының бірі болу.
ҚазҰМУ ұжымын құттықтаймыз!!! Рейтинг нәтижелерімен http://www.webometrics.info/en/asia/kazakstan сілтемесі арқылы Webometrics Ranking of World Repositories сайтынан таныса аласыздар
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі