ҚазҰМУ «визитинг-профессор» бағдарламасы аясында м. ғ. д., профессор Байко С. В. келді.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің нефрология кафедрасы шақыруымен «визитинг-профессор» бағдарламасы аясында халықаралық тәжірибені, білім беру, клиникалық, ғылыми қызметке ендіру мақсатында м. ғ. д., Беларусь Мемлекеттік Медицина Университетіндегі 1-ші балалар аурулары кафедрасының профессоры Сергей Валерьевич Байко шақырылды. «Lancet», «Clinical», “Journal of the American Society of Nephrology”, «Transplantation», «Nephrology Dialysis and Transplantation», «Pediatric Nephrology» халықаралық журналдарындағы басылымдарды қоса алғанда, 190-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы, сонымен қатар Еуропалық диализ және трансплантация қауымдастығының (ERA-EDTA), Дүниежүзілік балалар нефрологтары қауымдастығының (IPNA), Дүниежүзілік перитонеальді диализ қоғамының (ISPD), Ресей диализ қоғамдастығының (РДО), Балалар нефрологтарының шығармашылық бірлестігінің (ТОДН) мүшесі болып келеді.
Оқу бағдарламасы 11.10.22 ж. – 18.10.22 ж. бастап тікелей жүздесу нысанында өткізілді. Профессор резидент-нефрологтарға, кафедра қызметкерлеріне, сондай-ақ Нефрология кафедрасының клиникалық базаларының нефрологтарына арналған оффлайн форматта дәрістер мен семинарлар блогын өткізді. №2 БҚКБ, №1 УК «Ақсай» күрделі пациенттері үшін ұйымдастырылған консилиумдарға қатысты және кеңес берді.
Корпоративтік даму жөніндегі проректор м. ғ. д., профессор У. М. Датхаевпен, УК «Ақсай» бас дәрігері м. ғ. д., профессор Е. Б. Тәжиевпен және №2 БҚКБ бас дәрігері М. Р. Рабандияровпен кездесулер және ғылыми жобалар өтті.
Оқытудың теориялық бөлігі балалардағы бүйрек ауруларын диагностикалау мен емдеудегі соңғы жетістіктерді көрсететін дәрістерден, пікірталастардан тұрды. Практикалық бөлімге клиникалық талдаулар, бүйректің ауыр зақымдануы бар науқастарға кеңес беру кірді.
17.10.2022 – 18.10.2022 жылы «Маңызды кезең: Көп қырлы нефрологияның тұжырымдамалық тәсілдері мен негізгі бағыттары» тақырыбында өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық Бүйрек Қорының Конгресіне «визитинг-профессор» бағдарламасы аясында белсенді ат салысты. 20.10.2022-28.10.2022 аралығында оқыту онлайн форматта жалғасты. Профессор Байко С. В. перитонеальді және гемодиализдегі пациенттерді, трансплантациядан кейінгі пациенттерді жүргізудің заманауи тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ СБЖ 5 сатысы бар науқастарда бүйрек трансплантациясын дамыту мәселелерінің өзектілігін ұсынды.
Профессор Байко С. В. жүргізген оқыту жоғары кәсіби деңгейде өтті. Ол көп жылдық тәжірибесі бар дәрігерлерге де, интерн-дәрігерлерге де, жоғары курс студенттері мен нефролог-резиденттерге және педиатр-резиденттерге де қызықты болды. Ақпарат алмасуға және нефролог-дәрігерлердің кәсіби өсуін арттыруға ықпал етті.
Барлық қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын, ғылыми атмосфераны және профессор С. В. Байко өткізген оқытудың қолданбалы бағыттылығын атап өтті.
Барлықтарыңызға рахмет!