ҚазҰМУ-дағы кәсіби бағдар беру жұмысы
2016 жылдың 22-28 қазан аралығында Алматы қаласында кәсіби бағдар беру бойынша іс-шаралар өтті:
ҚазҰМУ «РФММ-2016 білім беру жәрмеңкесі» көрмесінде
2016 жылдың 22 қазан күні Республикалық физика-мамематика мектебінде ҚР жетекші ЖОО-ның қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру көрмесі өтті.
Республикалық физикалық-математикалық мектеп 1972 жылы ашылды. РФММ басты мақсаты Қазақстанның барлық аумақтарынан дарынды балаларды анықтап, оларды ары қарай дамыту, мемлекеттік зияткерлік элитасын қалыптастыру болып табылады.
РФММ шақыруымен, дәстүрге айналған «РФММ Білім беру жәрмеңкесі-2016» атты көрмеге Назарбаев университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Халықаралық бизнес Университеті (UIB), Сулейман Демирел университеті (CDU), Алматы энергетика және байланыс университеті және т.с.с. ҚР жетекші оқу орындарымен қатар С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қатысты.
Көрме қатысушыларына ҚазҰМУ университеттің факультеттері мен мамандықтары туралы толық ақпарат берді. Мектептің физикалық-матеиматикалық бағытына қарамастан, оқушылар медицина мамандықтарына, дәрігер мамандығының болашақ мүмкіндіктеріне аса қызығущылық танытты. Корме барысында маман дайындау бағыттары, ҚазҰМУ-не оқуға түсу мен құжат тапсыру ережелері туралы кеңестер беріліп, Университет жайлы ақпараттық материалдар таратылды. РФММ мектебінің оқушылары мен ата-аналары ҚР жетекші медицина ЖОО тану мүмкіндігіне ие болу үшін Университетте болатын Ашық есіктер күніне келуге ниетін білдірді.
Назарбаев Зияткерлік Мектебі Университетте
2016 жылдың 24 қазанында Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі, және Ақтөбе мен Қызылорда қалаларындағы бөлімдерінің жоғары сынып 40 оқушысы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен танысу мақсатындағы кездесуге келді.
Кездесу «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ААҚ бастамасымен ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» зерттеу-өлкелік экспедициясы жобасының аясында оқушыларда елдің мәдениетіне қызығушылықты қалыптастыру мен патриотизмді тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылды. ҚазҰМУ келген қонақтар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ болды, сонымен қатар қала мұражайлары мен Алматының Тамғалы тас, Шарын шатқалы, Көлсай сияқты көркем өңірлерін көруге мүмкіндікке ие болды.
Кездесу барысында оқушыларға университеттің факультеттері мен мамандықтары туралы ақпарат берілді, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды. Университеттің Тарих мұражайы мен анатомиялық мұражайына саяхат жасалды. Тарих мұражайының жетекшісі доцент Алия Сапарқызы Саятованың ҚазҰМУ тарихы мен медицинаның дамуы туралы сұхбатын балалар сүйсіне тындады. Анатомиялық мұражайды «Қалыпты анатомия» кафедрасының доценті Бауыржан Шәкеұлы Шакенов таныстырды. Болашаққа үлкен үмітпен қараған мектеп оқушылары жамыраса сұрақтар қойысты.
Кездесу өте қызықты әрі сапалы өтті. Университетке келген қонақтар ҚазҰМУ басшылығына, қызметкерлеріне еліміздің жетекші медицина жоғары оқу орнының мәдениетіне ортақтасып, болашақ мамандықты таңдау кезінде көмек беретін ақпарат алған мүмкіндігі үшін үлкен алғыстарын білдірді.
ҚазҰМУ Кәсіби бағдар беру форумында
2016 жылдың 28 қазан күні № 173 мектеп-лицейінде ҚР жетекші ЖОО-ның қатысуымен Әуезов ауданының жоғарғы сынып оқушыларына арналған Республикалық «Современное образование» журналының редакциясы мен Алматы қаласының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен оқу орындарының көрмесі – кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті. Кәсіби бағдар беру форумдарыы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына ЖОО туралы барлық қажет ақпаратты алып, университет өкілдеріне сұрақтарын қойып, болашақ мамандық бойынша кеңестер алуға мүмкіндік береді.
Университеттің Республикалық «Современное образование» журналының редакциясымен бірлескен жұмысы аясында Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының қызметкерлері кәсіби бағдар беру іс-шарасына қатысып, Әуезов ауданы жалпы білім беру мектептерінің арасында Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Форум қатысушыларына «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» фильмін көрсетілді, университет факультеттері мен мамандықтары туралы презентация жасалды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен ұстаздарға маман дайындау бағыттары, ҚазҰМУ-ге оқуға түсу мен құжат тапсыру ережелері туралы кеңестер беріліп, Университет жайлы ақпараттық материалдар таратылды. Медицинаға қызығушылық танытқан балалармен олардың болашақта меңгеруді жоспарлайтын мамандықтар туралы көбірек ақпарат беретін сұхбаттар жүргізілді. Мектептердің болашақ бітіруші түлектері өз алдына анық мақсат қойып үлгерді, ол – университетке түсу, олардың бұл таңдауды жасаудағы басты себебі ретінде ҚазҰМУ-да сапалы медициналық білім алып, өздерінің тұлға ретінде дамуына жағдай жасалатындығына сенімі болды.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту
және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы