ҚазҰМУ-дағы кәсіби-бағдар беру жұмысы
ҚазҰМУ Есік қаласындағы кәсіби бағдар беру бойынша форумында
2017 жылдың 10 ақпанында Алматы облысының Есік қаласында ҚР жетекші ЖОО-ның қатысуымен Енбекшіқазақ ауданының жоғарғы сынып оқушыларына арналған Республикалық «Современное образование» журналының редакциясы мен Алматы облысының білім беру басқармасының ұйымдастырумен оқу орындарының көрмесі және кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті.
Университеттің Республикалық «Современное образование» журналының редакциясымен бірлескен жұмысы шеңберінде Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының қызметкері Абжанова К.К., «Жалпы медицина» факультетінің өкілі – «Балалар аурулары» кафедрасының ассистенті Адилбекова И.М., «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің өкілі – «Нутрициология» кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова А.Н., «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінің өкілі – «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының доценті Саякова Г.М. аталған іс-шараға қатысып, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кәсіби бағдар беру форумының қатысушыларына Университет факультеттері мен мамандықтары туралы толық ақпарат берілді, маман дайындау бағыттары, ҚазҰМУ-ге құжат тапсыру ережелері және оқуға түсу туралы кеңестер беріліп, Университет жайлы ақпараттық материалдар таратылды. Оқушылар Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының мамандары мен университет оқытушыларына өздерін қызықтыратын, толғандыратын сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы