ҚазҰМУ-да АИТВ-ға қарсы күрес бойынша мамандар қалай дайындалады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті болашақ дәрігерлерге «АИТВ-инфекциясы» курсында оқыту жүргізіледі. Болашақ мамандарға ерте клиникалық белгілерді анықтау дағдылары үйретіледі. Дифференциалды диагностика жүргізуге, профилактикалық шаралардың қажетті көлемін, соның ішінде төтенше жағдайларда анықтауға үйретіледі.
«АИТВ-инфекциясы» курсында «Жалпы медицина» мамандығының интерндері, «Педиатрия» және «Стоматология» мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі. Сондай-ақ «Акушерлік және гинекология» мамандығының резиденттері оқытылады.
Бұдан басқа, ҚазҰМУ-да 2016 жылдан бастап SUNY университетімен (Нью-Йорк Мемлекеттік Университеті) бірлескен ғылыми жоба жұмыс істейді. Оның шеңберінде АҚШ-та қазақстандық дәрігерлерді АИТВ-мен күресуге үйретеді. Жақында бұл бағдарлама 2026 жылға дейін ұзартылды.
АҚШ ұлттық денсаулық институттарының халықаралық фогарти орталығының қолдауымен SUNY және ҚазҰМУ (АИТВ курсы) қызметкерлері Алматы қ. ЖИТС-пен бірлесіп 2022-23 жылдары «Алматы қаласындағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында жүрек-қан тамырлары аурулары, психикалық денсаулық және денсаулыққа қатысты мінез-құлық» атты пилоттық жобасын өткізді.
АИТВ мәселелері бойынша зерттеулер де белсенді жүргізілуде. Алматыда 20 қыркүйекте Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қолдауымен «Қазақстандағы АИТВ-ға байланысты зерттеулер: қазақстандық зерттеушілердің жаңалықтары» атты конференция өтті.
Конференцияда Қазақстандағы АИТВ эпидемиологиясы бойынша деректер, Қазақстанда PrEP (АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін препарат) енгізу туралы ақпарат, АИТВ-мен қатар жүретін ауруларды зерттеу ұсынылды және стигмамен күресті талқылады.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов өз баяндамасында дәрігерлерді және басқа да мамандықтарды АИТВ-мен күресу дағдыларына оқыту қажеттілігіне баса назар аудара отырып, ҚазҰМУ-да инфекционистерді оқыту туралы ақпаратты ұсынды.
«Ғылым мен медицина бір орында тұрмайды, Қазақстанда осы вирусқа қарсы күресте жаңа тәсілдерді белсенді зерттеп, енгізуді жалғастыруда. Бұл жұмыста жаңа жоғары білікті кадрларды даярлау маңызды рөл атқарады. АИТВ – мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту да эпидемияға қарсы күресте басым міндеттердің бірі болып қала береді, оған оқыту кезінде де баса назар аударылады», – деді ол.
Мамандардың айтуынша, елімізде АИТВ жағдайларының анықталуы артып келеді, Алматыда АИТВ-инфекциясының ең көп таралуы байқалады. Денсаулық сақтау министрлігі тәуекел тобындағы адамдарды бақылауға алады, анонимді медициналық көмек көрсететін орталықтар ашылады. Қазіргі заманғы медицина антиретровирустық терапияның көмегімен нөлдік вирустық жүктемеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни оның өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты вирусы жоқ адамнан іс жүзінде ерекшеленбейді.