ҚазҰМУ-да Академиялық адалдық лигасының мониторингтік комиссиясының үш күндік сапары басталды
Бүгіннен бастап С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Академиялық адалдық лигасының мониторингтік комиссиясының үш күндік сапары өз жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап сарапшылар университет басшылығымен кездесіп, кампусты аралап, жаңартылған аудиториялармен танысты. Сонымен қатар, комиссия мүшелері ҚазҰМУ жатақханаларын аралап, студенттермен әңгімелесті.
Мониторингтік топтың сапары ҚазҰМУ Симуляциялық орталығында жалғасты. Мұнда комиссия мүшелеріне жаңа заманауи симуляциялық жабдықтарда оқу процесі көрсетілді. Сапардың алғашқы күні мектептер мен факультеттер декандары, сондай-ақ ҚазҰМУ құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өткен кездесумен аяқталды.
Академиялық адалдық – сапалы білімнің, әділ бағалаудың және студенттер мен оқытушылар арасындағы сенімнің кепілі. Бұл бағыт университет дамуының маңызды бөлігі болып табылады және ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөл атқарады.