ҚазҰМУ-да Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Мәңгілік ел және Алаш идеясы» атты іс-шара өтті
2017 жылдың 21 қараша күні Даңқ залында «Мәңгілік ел және Алаш идеясы» тақырыбында арнайы шақырылған қонақтар, профессорлық –оқытушылылар құрамы, Стоматология және Жалпы медицина мектебінің (педиатрия мамандығы) студенттерінің қатысуымен әдеби-танымдық кеш өткізілді. Кештің ұйымдастырылуына Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы, Жастар саясаты басқармасы және стоматология мектебі ұйытқы болды.
Кешке танымал алаштанушы ғалымдар: ҚР БҒМ жанындағы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас маманы филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Серікқызы Ісмақова, Қаз ҰПУ-дан Отандық тарих кафедрасының доценты т.ә.к Шәмек Баянұлы Тілеубаев арнайы шақыртумен келіп қатынасты.
Кешті ашу сәтіндегі алғы сөзінде м.ғ.д. профессор Бақанай Амантайұлы «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасу кезеңдерін сараптай келе, биыл 100 жыл толғалы отырған Алаш қозғалысының, «Алаш» партиясы жетекшілерін атқарған қызметтері, тарихи маңыздылығын студенттердің ой-санасына түзіп, болашақта бәсекеге қабілетті зияткерлігі, патриоттық рухы басым маман болуға шақырды. Алаш идеясының «Мәңгілік Ел» құндылықтарымен сабақтас екендігін айта келе, студенттерді білімі мен біліктілігі жетілген болашаққа бағдарлы көзқарас жасауға шақырды.
Кездесуге келген алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы профессор Айгүл Серікқызы Ісмақова өзінің баяндамасында Алаш қайраткерлерінің қазақтың ұлттық санасын оятуға және ғылымның әр саласына қосқан үлестерін айта келе, өзімен бірге ала келген бірнеше монография еңбектерін студенттерге көрсете отырып, олардың еңбектерінің шет мемлекеттерде де қарастырылатындығын тікелей өзінің бірнеше ЖОО- на оқыған дәрістері төңірегінде айтып берді. Ғалым студенттердің қойған сұрақтарына да үлкен қызығушылықпен жауап беріп отырды. Сондай-ақ Х.Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов сол кездің өзінде бірнеше тілді меңгере алып, ұлт үшін аянбай қызмет еткендіктеріне сабақ алатындай деректі материалдар келтірді. Айгүл Серікқызы сөз соңында университет кітапханасына «Әдебиет тарихындағы алаш идеялары» монографиясын қолтаңбасымен табыс етті.
Кешке шақырылған тағы да бір қонағымыз Абай атындағы ҚазҰПУдың доценті. т.ғ.к Шәмек Баянұлы Тілеубаев өз баяндамасының Алаш қайраткерлерінің сонау Абай салған ізбен ағартушылық қызметінен бастап саясат сахнасына шыққандыктарын әртүрлі тарихи мұрағат құжаттары арқылы өзінің ізденістері бойынша ақпараттарымен бөлісті. Әсіресе, Алаш партиясының көсемі Ә.Бөкейхановқа партия бағдарламасында көтерілген мәселелердің өміршеңдігіне тоқталып өтті.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық кафедрасының доценты Ғ.Т Рсалдина «Мәңгілік ел құндылықтары» пәнінің енгізілу мәселесіне тоқталды. Университеттің барлық факультеттерінің бірінші курс студенттерінің пәнді қызығушылықпен оқып, меңгеріп жатқандықтарын баса айтып өтті. Ұлы бабамыз Әл Фарабиден бастап және батыс философтарының білім алуда тәрбиенің қуатты күшін ашып бере келе, «Мәңгілік ел» құндылықтары пәнінің мақсатын айқындап берді.
Сөз соңында ұлттық сана сезімді қалыптастырудағы жалпы ұлттық идеяға сипаттама жасап, білім алушыларды «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға шақырды.
Сондай-ақ, танымал ғалымдармен кездесудің маңыздылығын айта келе кафедра меңгерушісі З.У.Бисембаева шақырылған қонақтарға, қатысушы студенттерге өз алғысын білдірді. Қонақтарға Университет логатипі бар ескерткіш-сыйлық табыстады. Студенттер тақырыпқа сай эсселерін, төл туынды өлеңдерін оқып, мәңгілік елдің жеті құндылықтарына толыққанды сипаттама берді. Кешті жүргізушілер жалпы медицина факультетінің бірінші курс студенттері Әлия мен Нұрсұлтан әр сөздерін шеберлікпен жеткізіп отырды. Талантты студенттер кеш қонақтары мен екі жүзге тарта студенттер алдында өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, кешке университет кітапхана ұжымы «Мәңгілік ел және Алаш идеясы» тақырыбында кітап көрмесін үйымдастырды. Онда Алаш қайраткерлеріне арналған монографиялар, газет-журналдарда жарияланған мақалалар қойылды. Кафедра ұжымы тарапынан өткізілетін іс-шараларға үнемі белсенділік таныта білетін кітапхана ұжымына және Жастар саясаты басқармасынан Салтанат Айкеновнаға ризашылығын білдіреді. Кештен соң, ұйымдастырушылар қонақтарды Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық институты, университеттің мұражайы, С.Ж.Асфендияров, М. Мәметоваға арналған бұрыштарды көрсетіп, университет тарихымен таныстырып өтті.