ҚазҰМУ- да Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда және Тәуелсіз Қазақстан» атты іс-шара өткізілді
Үстіміздегі 2020 жылдың 06 ақпан күні, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Даңқ залында» Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда және Тәуелсіз Қазақстан» атты танымдық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараның ұйымдастыру жұмысына Жастар саясаты басқармасына қарасты Мәдени-шығармашылық жобаларды іске асыру тобының жетекшісі С.А.Апсаттарова, бас маман А.Е.Алдамжарова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының лекторы С.А.Жолдыбаева, ассистенттері Ғ.А.Малик, С.М.Илгидаева, Тілдік пәндер кафедрасының оқытушысы доцент Т.Қ.Зайсанбаевтар атсалысты. Іс-шараға университетіміздің барлық мектептерінен 220-ға таман студенттер қатысты. Кешті Адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Б.С.Нагасбекова ашып берді.
Кездесу іс-шарасына тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, доцент Е.М.Ужкенов және тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология кафедрасының доценті М.Қ.Дауытбекова Алтын Орда тарихы жөнінде айтып берді.
Әңгіме барысында студенттер тарапынан тарихшы ғалымдарға сұрақтар қойылды. Тілдік пәндер кафедрасының доценті Т.Қ.Зайсанбаев Алтын Орда тұсындағы әдебиетке қысқаша тоқталып, әңгіме барысын бүгінгі күнмен сабақтастырып Абай әндеріне тоқталып өтті. А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» роман – поэмасынан Татьянаның әнін домбыра аспабының сүйемелдеуімен орындап берді.
Сонымен қатар, Алтын Орда кезіндегі күй әлемінен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің артисі, күйші Алиев Біржан халық күйі «Ел айырылған» және Кетбұғаның күйі «Ақсақ құлан» күйін орындап, шығу тарихына тоқталып өтті.
Кеш соңында мәдени-шығармашылық жобаларды іске асыру тобының жетекшісі С.А.Апсаттарова арнайы келген қонақтарға университет атынан рахмет айтты.
Мәдени-шығармашылық жобаларды іске асыру тобы