ҚазҰМУ-да АМСК-ның даму болашағы талқыланды
Алматыда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да алғашқы медициналық-санитарлық көмекті даму болашағы бойынша ДДСҰ Еуропалық жергілікті бюросының директоры Жужанна Якаб пен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың қатысуымен кездесу өтті.
Жужанна Якаб Қазақстан Үкіметіне және университет басшылығына өз аумағында ДДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Еуропалық орталығын орналастырғаны үшін және көрсеткен көмегіне алғысын білдірді. «Орталықтың Алматы қаласында орналасқанына қуаныштымыз. Өйткені, бұл қалада алғашқы медициналық-санитарлық көмек тұжырымдамасы пайда болған еді. Сондай-ақ, бұл орталықты ұйымдастыра отыра арадағы тарихи байланысты қамтамасыз ете алдық. Ол, аталмыш тұжырымдаманың пайда болу сәті және біздің Еуропалық орталықтың қызметі шеңберінде АМСК-ның болашақта дамуы. Біз ҚР үкіметі мен ғылыми қауымдастықтың бізбен өзара қарым-қатынастың қарқынды өрбуіне қуаныш білдіреміз», — деді Жужанна Якаб.
Оның айтуынша, кейінгі кезеңдерде тұрақты даму мақсаттары толығымен келісілген ДДСҰ-ның жаңа стратегиясы әзірленетін болады. Тұрақты дамудағы мақсаттарды жүзеге асыру мен кейінгі үйлестіру барлық деңгейде өтпекші. Таяуда 2017 жылдык қыркүйек айында өтетін ДДСҰ-ның жергілікті комитеті отырысында 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша еуропалық аймақтың жол картасы талқыланады. «Біз ҚР Үкіметімен даму жоспарларын жаңарту бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз. Менің қызметтік сапарым аясында бұл мәселені қарастыру жоспарланып отыр», — деді Якаб.
Сондай-ақ, Жужанна Якаб АМСК саласындағы даму мен денсаулық сақтау жүйесінде туындайтын, соңғы кездегі әлемде болып жатқан қажеттіліктер мен үрдістерді ескере отырып, дайындық бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша университет әкімшілігінің айтарлықтай жұмыс атқарып жатқандығын атап өтті.
Денсаулық сақтау вице-министрі Александр Цой, өз кезегінде Қазақстандағы ДДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Еуропалық орталығының шын мәнінде жұмыс орталығы боларына үміт білдірді. «Осыған негізделе кеңестер, ұсыныстар тұрғысынан АМСК жетілдіру бойынша жол картасын әзірлей алатын еуропа аумағында әлдебір әдістемелік орталығын құруда еуропалық аймақтардан алдыңғы қатарлы сарапшылардың жұмыс тобы құрылған болатын. Мұнан былай Қазақстан еліміз бойынша бар жаңа бастамаларды қаржыландыруға дайын», — деді вице-министр. Сондай-ақ, республикамызда бұрынғы СЭҚ-ті тарта отыра және АМСК-ға негізделе қоғамдық денсаулықтың жаңа күзет қызметі құрылғандығын атап өтті. «Бағдарлама әзірленгеннен кейін еліміздің жоғары оқу орындары елдің ішінде де, сондай-ақ халықаралық деңгейде мамандардың жаңа бағдарламаларды игеру бойынша оқытуға дайын», — деді ол.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі