ҚазҰМУ -да «Арулар асыл жандар» атты мерекелік іс-шара өтті
Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша 2025 жылы 7 наурыз күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Concordia» театрында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар асыл жандар» атты мерекелік іс шара өтті.
«Конкордиа» театрында ҚазҰМУ студенттік көркем-өнерпаздар үйірмелерінің және эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Университет ректоры Марат Шоранов барша аруларды көктем мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Альма-матердің құрылымдық бөлімдері бойынша оқытушылар мен қызметкерлерге номинациялық сыйлықтар және шипажайға жолдамалар табыстады.
Номинация иегерлері:
1.Университет ардагері – 85 жас мерейтойы, оқу орнымызда 50 жыл еңбек еткен ардагер Қанатбаева Асия Бакишевна – «Нефрология» кафедарасының профессоры «Еңбек дастаны – ұрпақтың мақтанышы» номинациясы;
2.Университеттің Ең жас қызметкері Кахарманова Амина Талгатовна. 18 жастағы ең жас қызметкер – Жалпы дәрігерлік тәжірбие-1 кафедрасының лаборанты «Еңбек жолындағы алғашқы көктем» номинациясы;
3. Исина Гульжан Муратовна 65 жас мерейтойы және 8-наурыз туған күні – «Акушер және гинекология» кафедрасының профессоры міндетін атқарушы «8-наурыз – қос мереке» номинациясы;
4.Сыздыкова Нурбиби Сыздыковна – 75 жас мерейтойы және 8-наурыз күні туған күні «Фтизиопульмонология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры «8-наурыз – қос мереке» номинациясы;
5. Көпбалалы ана «Алтын алқа» иегері Чуенбекова Ардак Байбараковна – «Нутрициология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. «Ардақты ана» номинациясы;
6. 36 жасында әже атанған Төлегенова Асем Төлегенқызы –«Алғашқы медициналық жәрдем көрсету» орталығының емдеу кабинетінің медбикесі «Жас әже» номинациясы;
7. Избасарова Мадина Аскаровна – «Еңбекті қорғау, азаматтық қорғау және қауіпсіздің техникасы, өрт қауіпсіздігі» бөлімінің басшысы «Өз ісінің шебері» номинациясы;
8. Бактыбаева Аннель Тлеумагамбетова –«Тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі «Тіл жанашары» номианциясы;
9.Рослякова Елена Михайловна – «Қалыпты физиология биофизика курсымен» кафедрасының қауымдастырылған профессоры «Кәсіподақ ардагері» номианциясы;
10. Канленова Бахыт Ниловна – Тілдік пәндер кафедрасының лекторы. «Ана тілі мақтанышы» номианциясы;
11.Үздік өнерпаз жан Досумбекова Раушан Сарсенбаевна – «Биохимия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры «Өнерлі ару» номианциялары табысталды.
Сондай-ақ, ҚазҰМУ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан профессор-оқытушыларға демалыс шипажайына жолдама берілді. Атап айтқанда:
1.Данышбаева Айжан Баймахановна – Жалпы дәрігерлік тәжірбие-2 кафедрасының доценті (27 жыл).
2.Ксетаева Гульзакира Куралбековна – «Балалар жұқпалы аурулар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (23 жыл).
3.Омарова Роза Сахиевна – «Гистология» кафедрасының профессоры және профорг (15 жыл).
4.Сухочева Татьяна Михайловна –«Терапевтикалық стоматология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (22 жыл).
5.Хабижанова Венера Болатовна – «Жалпы дәрігерлік тәжірбие-1» кафедрасының профессоры (20 жыл).