ҚазҰМУ-да «Ашық есіктер күні-2016» өтті
2016 жылдың 9 желтоқсанында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Ашық есіктер күні» өтті.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы Алматы қаласы бойынша кәсіби бағдар беру форумдары және ЖОО көрмелерінде ақпараттық жұмыстарды жүргізді, аталған іс-шараларда медицина мамандықтарына қызығушылығы бар балалар өз байланыстарын қалдырып, «Ашық есіктер күніне» келуге ниеттерін білдіріп, оған жазылды. Іс-шараға шақыру хаттары мектептерге жіберілді, соның ішінде Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, ҚеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі», Алматы қаласының Мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Алматы қазақ-түрік қыздар лицейі, химия және биология пәндерін тереңдетіп оқытатын №161 және №134 лицейлері шақырылды. Сонымен қатар, «Ашық есіктер күні» туралы хабарландыру университет сайтында жарияланды.
Алдын-ала жүргізілген ақпараттық жұмыс өз нәтижесін берді – «Ашық есіктер күніне» 150 астам қонақтар келді, олардың ішінде шақырылған мектептердің оқушыларымен бірге, Алматы қаласының 30 мектебінің (лицейлері, гимназияларының) оқушылары (№13, 17, 24, 26, 32, 38, 46, 54, 60, 62, 71, 83, 94, 107, 108, 133, 136, 144, 147, 158, 159, 172, 173, 175, 176, 178), ал-Фараби атындағы ҚазҰУ бейінді мектебінің, Талғар қаласының №10 мектебінің Galaxy халықаралық мектебінің білім алушылары болды.
Іс-шараның бағдраламасына сәйкес, Даңқ Залында университет басшылығы, факультет декандары және қабылдау комиссиясының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесуді тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор, биология ғылымдарының докторы, профессор Джумашева Рахима Тажибайқызы ашты. Рахима Тажибайқызы өз сөзінде іс-шараның барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Жалпы медицина» факультетінің деканы Шопаева Гүлжан Амангелдіқызы факультет туралы ақпарат ұсынды. Декан орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Измайлова Слу Хабибиқызы «Педиатрия» мамандығын таныстырып, оған 2017 жылы 1 курсқа студенттерді қабылдау жоспары бар екендігін атап өтті.
«Стоматология» факультеті және стоматолог мамандығының ерекшеліктері туралы декан орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызы толық ақпарат берді.
Медицина ғылымдарының кандидаты, «Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, мейірбике ісі және менеджмент» факультетінің деканы Давлетов Қайрат Қырғызбайұлы факультет туралы және азаматтардың денсаулығын сақтау мен аурулардың алдын алуда қызмет ететін мамандарды дайындау маңыздылығы туралы баяндама жасады.
«Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары туралы ақпаратты фармацевтикалық ғылымдар докторы, «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінің деканы Сакипова Зуриядда Бектемірқызы жеткізді.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, декан Құрманова Гаухар Медеубайқызы 2016 жылы Халықаралық медицина факультетінің ашылғандығы туралы және оның даму болашағы, студенттерді оқыту ерекшеліктері жөнінде айтты.
Университет қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Жанкалова Зульфия Меирхановна С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға құжат тапсыру және түсу ережелері туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар кездесуге университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманбекова Сауле Қаспаққызы да қатысты.
Факультет декандарының баяндамаларынан кейін, мектеп оқушылары мен ата-аналарына университет өкілдерімен интерактивті сұхбаттасуына мүмкіндік берілді. Балалар өздерін толғандыратын сұрақтарды белсенді түрде қойып, оларға білікті, әрі толыққанды жауаптар алды.
Қонақтар арасында жүргізілген қысқаша викториналық сұрақ-жауап баяндамашылардан алған ақпаратты бекітуге көмектесті. Сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларға ҚазҰМУ атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Даңқ Залында «Ашық есіктер күнінің» бағдарламасы аяқталған соң, қонақтарға бес бағыт бойынша саяхат ұйымдастырылды. Жалпы саяхат бағытына университетіміздің мақтанышы – ҚазҰМУ тарихи мұражайы, Анатомиялық мұражай және Тәжірибелік дағдылар орталығы кірді. Тарихи мұражайдың жетекшісі А.С.Саятова қонақтарға медицинаның даму тарихы, университеттің алғашқы ректоры, ҚазҰМУ студенттері – ҰОС батырлары туралы баяндап берді. Анатомиялық мұражайды «Қалыпты анатомия» кафедрасының доценті Б.Ш. Шакенов таныстырып, балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. Тәжірибелік дағдылар орталығы да қонақтарды қарсы алды, қызметкерлер оқушыларға ҚазҰМУ студенттері ретінде заманауи муляждардың, тренажерлардың, толық өлшемді интерактивті манекендердің көмегімен оқи алатындығын, коммуникативтік дағдыларды стандартталған науқастар арқылы меңгере алатындығын көрсетті.
«Жалпы медицина» факультеті туралы көбірек ақпарат алғысы келген қонақтар «Қалыпты анатомия» және «Патологиялық анатомия» кафедраларына барып, олардың меңгерушілері – Т.М.Досаев және А.Д.Сапарғалиева профессорларымен, оқытушылармен танысуға мүмкіндік алды. «Стоматология» факультеті қонақтарға Стоматологиялық клиниканы және факультет кафедраларын көрсетті. «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультеті жабдықталған зертханалармен және шығаратын өнімдерімен таныстырды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің декан орынбасары Уважанова А.С. қонақтарды «АИТВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау курсы бар Эпидемиология» кафедрасына шақырды, профессор С.Ә. Әміреев балалармен сұхбаттасты, кейін «Микробиология, вирусология және иммунология», Б.Атшабаров атындағы фундаментальды-қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының зертханасы көрсетілді.
Стоматологиялық факультет студенттері Жақсылық Руслан және Нұрбек Асылгүл, Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттері Сұлтанбекова Айгерім, Ходжамкулова Гюзель, Базарбайқызы Сырсұлу және Көшекбай Ақтоты іс-шараның өткізілуіне белсенді қатысты.
«Ашық есіктер күніне» келген мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары іс-шараға көңілдері толып, олар С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығына, декандарға, оқытушыларға және қызметкерлерге алғыстарын білдірді. Балалар келесі рет университетке келгенде студент ретінде келетіндіктерін айтты.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және
бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы