ҚазҰМУ-да «Ашық есіктер күні-2017» өтті
2017 жылдың 5 сәуір күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Ашық есіктер күні» өтті.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы, факультет деканаттарының қызметкерлері, оқытушылар мен волонтер-студенттер жыл бойы Алматы қаласы бойынша кәсіби бағдар беру форумдары және ЖОО көрмелерінде ақпараттық жұмыстарды жүргізді. Бұл іс-шаралардың мақсаты – жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына мамандық таңдауларына көмек көрсетіп, Университет, факультеттер мен мамандықтар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету. Кәсіби бағдар беру іс-шаралары барысында медицина мамандығын таңдайтын балалар аталған іс-шараларда медицина мамандықтарына қызығушылығы бар балалар өз байланыстарын қалдырып, оқуға түскісі келетін мамандықтарын жазып, «Ашық есіктер күніне» келуге ниеттерін білдіріп, оған жазылды.
Іс-шараға шақыру хаттары Алматы қаласының 8 ауданының жалпы білім беру мектептерінің жетекшілеріне, соның ішінде Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, ҚеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі», Алматы қаласының Мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Алматы қазақ-түрік қыздар лицейі, химия және биология пәндерін тереңдетіп оқытатын №161 және №134 лицейлеріне жіберілді. Сонымен қатар, «Ашық есіктер күні» туралы хабарландыру университет сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Ашық есіктер күніне» 900 жуық қонақтар келді, олардың ішінде Алматы қаласының 8 ауданының мектеп оқушылары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінің, Galaxy халықаралық мектебінің және Алматы облысы мектептерінің білім алушылары болды.
Іс-шара Даңк Залында өтеді деп жоспарланды, бірақ, қонақтардың санына байланысты Университет қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде іс-шара қонақтарының ҚазҰМУ басшылығы, факультет декандары және қабылдау комиссиясының өкілдерімен кездесуі шұғыл түрде «Concordia» театрына ауыстырылып, бағдарламаға сәйкес уақытында басталды.
Кездесуді тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор, биология ғылымдарының докторы, профессор Джумашева Рахима Тажибайқызы ашты. Рахима Тажибайқызы өз сөзінде іс-шараның барлық қатысушыларын Университеттің тарихымен таныстырып, болашақ абитуриенттерге оқуға түсу емтихандарын сәтті тапсыруына тілек білдірді.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Жалпы медицина» факультетінің деканы Шопаева Гүлжан Амангелдіқызы факультет туралы ақпарат ұсынды және 2017 жылы 1 курсқа «Педиатрия» мамандығына студенттерді қабылдау жоспары бар екендігін, оған 150 мемлекеттік білім беру гранттары бөлінетіндігін атап өтті.
«Стоматология» факультеті және стоматолог мамандығының ерекшеліктері туралы медицина ғылымдарының кандидаты, декан Амантаев Баканай Амантайұлы толық ақпарат берді.
Медицина ғылымдарының кандидаты, «Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, мейірбике ісі және менеджмент» факультетінің декан орынбасары Уважанова Айгуль Стальевна факультет туралы және даярлап шығаратын мамандардықтар жайында баяндама жасады.
«Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары туралы ақпаратты фармацевтикалық ғылымдар докторы, «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінің деканы Сакипова Зуриядда Бектемірқызы жеткізді.
Халықаралық медицина факультеті туралы ақпаратты қонақтарға декан орныбасары Асқарова Ажар Ерланқызы баяндап, 2016 жылы Халықаралық медицина факультетінің ашылғандығы туралы және оның даму болашағы, студенттерді оқыту ерекшеліктері жөнінде айтты.
Университет қабылдау комиссиясының өкілі, «Информатика биофизика» курсымен кафедрасының «Биофизика» курсының аға оқытушысы Нұртаева Галия Қадырханқызы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға құжат тапсыру және түсу ережелері туралы мазмұнды баяндама жасады.
Факультет декандарының баяндамаларынан кейін, мектеп оқушылары мен ата-аналарына университет өкілдерімен интерактивті сұхбаттасуына мүмкіндік берілді. Балалар өздерін толғандыратын сұрақтарды белсенді түрде қойды, сұрақтарға Университет қабылдау комиссиясының өкілі Нұртаева Г.Қ. және Қабылдау, кәсіби-бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының басшысы Кусаинова А.Т. жауап берді.
«Concordia» театрындағы «Ашық есіктер күнінің» бағдарламасы аяқталған соң, қонақтарға университетіміздің мақтанышы – ҚазҰМУ тарихи мұражайы, Анатомиялық мұражай, Тәжірибелік дағдылар орталығы және ҚазҰМУ ескерткіштері мен аллеяларына саяхат ұйымдастырылып, өткізілді. Тарихи мұражайдың жетекшісі Алия Сапарқызы Саятова және оның қызметкерлері қонақтарға медицинаның даму тарихы, университеттің алғашқы ректоры, ҚазҰМУ студенттері – ҰОС батырлары туралы баяндап берді. Анатомиялық мұражайды «Қалыпты анатомия» кафедрасының доценті Бауыржан Шәкенұлы Шакенов таныстырып, балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы әңгімелеп, мұражай эспонаттарын көрсетіп берді. Тәжірибелік дағдылар орталығы да қонақтарды қарсы алды, қызметкерлер оқушыларға ҚазҰМУ студенттері ретінде заманауи муляждардың, тренажерлардың, толық өлшемді интерактивті манекендердің көмегімен оқи алатындығын, коммуникативтік дағдыларды стандартталған науқастар арқылы меңгере алатындығын көрсетті.
Факультеттер туралы көбірек ақпарат алғысы келген қонақтар волонтер-студенттердің жетекшілігімен факультет деканатарына және кафедраларға барып, мамандықтар туралы қажетті ақпарат алу мүмкіндігін пайдаланды.
Волонтер-студенттер іс-шара қонақтарына белсенді түрде көмектерін беріп, сұрақтарына жауап беріп, медициналық ЖОО оқудың ерекшеліктері туралы айтты:
– «Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, мейірбике ісі және менеджмент» факультетінен: Косаева Камшат, Ходжамкулова Гузель, Кошекбай Ақтоты, Толегенова Еркежан, Султанбекова Айгерим, Окаева Айым, Базарбайқызы Сырсулу, Есентаева Дамира.
– «Жалпы медицина» факультетінен: Абат Мұхаммед, Асемов Аят, Башанов Ержан, Зайырова Мөлдір, Ислам Рысбек, Мамбет Ержан, Нуржанов Асылжан, Салжанов Руслан, Сәтім Оразгүл, Сейтбаев Батыр, Сұлтан Айжан.
– «Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультетінен: Әмірханова Динара, Жумагали Самал, Қайтбек Аида, Абылқаирова Жадыра, Нуритдинова Наргиз, Хамзина Наргиз, Исмаилова Асем, Өкен Мадина.
– «Стоматология» факультетінен: Махмуткызы Марал, Кырманшы Назерке, Капаров Абильхаир, Турдалы Айболат, Жамалбеков Алибек, Жамалбек Алина, Сыдыкбек Шерхан, Калиев Диас, Ештай Асылхан, Эспанова Асия, Абибуллаев Багдат.
«Ашық есіктер күніне» келген мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары іс-шараға көңілдері толып, олар С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығына, декандарға, оқытушыларға, қызметкерлерге және студенттерге алғыстарын білдірді.
«Ашық есіктер күні-2017» өз алдына Университет ұжымының кәсіби бағдар беру бағытындағы жыл бойы ҚазҰМУ-да және одан тыс аудандарда өткізілген бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы Университет басшылығына аталған іс-шараларды ұйымдастырудағы көмегіне, сонымен қатар факультет декандары мен олардың орынбасарларына, кафедралар оқытушыларына және белсенді студенттерге кәсіби бағдар беру жұмысына қатысқандарына алғысын білдіреді.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және
бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы