ҚазҰМУ-да Ашық есік күні өтті
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде талапкерлерге арналған Ашық есік күні өтті.
• Университет басшылығы және декандармен кездесу
• Білім беру бағдарламаларының таныстырылымы
• Оқу ғимараттары, клиникалар мен зертханаларға экскурсия
• Болашаққа бастар мүмкіндік пен жаңа ашылуларға толы ерекше атмосфера!
ҚазҰМУ — еліміздегі ең жоғары конкурстық баллмен қабылдайтын беделді оқу орны.
ҚазҰМУ-ға оқуға түсу — өз болашағын медицинамен байланыстыруды мақсат еткен, білімге құштар, табанды және жігерлі жастардың таңдауы!
Бүгінгі шараға қатысып, университет өмірімен танысқан баршаңызға алғысымызды білдіреміз! ҚазҰМУ – сенің болашағыңның бастауы! Біз сені асыға күтеміз!