ҚазҰМУ-да білім беру бағдарламаларының аккредиттеуі өтуде
Құрметті әріптестер,оқытушылар және студенттер!
2016 жылдың 17-19 мамыры аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да қоғамдық денсаулық сақтау (бакалавриат, магистратура, докторантура PhD), мейірбике ісі (бакалавриат, магистратура), медикалық-профилактикалық іс (бакалавриат, магистратура) және менеджмент (бакалавриат, магистратура) мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының аккредиттеуі өтуде.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) Сыртқы саралау комиссиясының мүшелері (ССК): ССК төрайымы – м.ғ.к. Ермуханова Л.С. (БҚММУ), халықаралық сарапшылар – проф. Ulrich Laaser, ASPHER мүшесі, DM, DTM&H, MPH, Faculty of Health Sciences (University of Bielefeld, Германия), проф.Кириченко Л.В., акад.Е.А.Вагнер атындағы Перм мемлекеттік медицина университетінің МПІ факультетінің деканы (Ресей), сонымен қатар БҚММУ, АМУ, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық сарапшылары, Алматы қ. Ұйымдарының сарапшы-жұмысберушілері, ЖҚДСМ сарапшы-білім алушылары, Каспий университетінің сарапшылары.
Аккредиттеудің маңызды бағдарламасында ҚазҰМУ жетекшілерімен кездесу, аккредиттеуден өтетін білім бағдарламаларын жүзеге асыратын университеттің кафедраларын/модульдарын және негізгі бөлімшелерін, білім алушылардың тәжірибесі өтетін базаларын шолу, құжаттарды зерделеу және оқытушылармен, жұмысберушілермен, докторанттармен, магистрлермен және студенттермен сұхбат қамтылған.