ҚазҰМУ-да бірінші курс студенттерін салтанатты түрде қарсы алды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 93-ші рет студенттерге есігін айқара ашты. Бас ғимарат алдындағы алаңда салтанатты жиын өтті, оған оқуға түсушілер мен профессор-оқытушылар құрамының өкілдері қатысты.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов болашақ студенттерді қарсы алып, грант иегерлерін ерекше құттықтап өтті. Барлығы 2638 бакалаврдың 886 студенті білім беру гранты негізінде оқуға қабылданды. Ректор Университетке Қазақстан бойынша ең жоғары 140 балл жинаған грант иегерлері түсетінін атап өтті.
«Біз үздік студенттерді, «Алтын белгі» иегерлерін, олимпиадалардың жеңімпаздарын, спорт шеберлерін қабылдаймыз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын, бұл Сіздердің алғашқы әрі ең үлкен жетістіктеріңіз, мен Сіздердің ата-аналарыңыз үшін ерекше қуаныштымын. Студенттік жылдар зымырап өте шығады. Келешекте Сіздердің әрқайсыларыңыз қазақстандық медицина элитасының арасында лайықты орын алатынына сенімдімін. Бұл арада Сіздер Қазақстандағы 15 мыңнан астам үздік студенттерден тұратын үлкен отбасының бір бөлшегі боласыздар», – деді Марат Шоранов.
ҚазҰМУ ұжымы жаңа оқу жылының басталуына орай үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Университет білім беру рейтингтерінде жоғары көрсеткіштерді сақтауға көп күш жұмсайды.
Университет 2023 жылғы Хирш индексі бойынша Қазақстанның ұлттық рейтингінің ТОП-5 қатарында нық орналасқан. 2019-2022 жылдары ҚазҰМУ қызметкерлері 689 мақала, олардың ішінде Scopus – 419, WoS – 270 шетелдік рецензияланатын журналдарда жариялаған. Элиталық QS World University Ranking 2023 жылы ҚазҰМУ 2462 әлемдік университеттер арасында 651-700 позициясын иеленеді.
Бүгінде ҚазҰМУ бұл 7 мектеп пен факультеттер, 70 кафедра, 4 университеттік клиника, 5 ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар, Алматы қаласының барлық дерлік қалалық және республикалық медициналық ұйымдарында 147 клиникалық база, 89 білім беру бағдарламасы, 8 бірлескен білім беру бағдарламалары және 3 қос диплом бағдарламасы.