ҚазҰМУ-да «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті
2026 жылғы 20 қаңтарда «Concordia» студенттік театрында шетелдік студенттерге арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Діни істер басқармасының исламтанушысы Мурзабаев Нурлан Сабитұлы арнайы лектор ретінде шақырылды.
Дәрістің негізгі мақсаты – шетелдік студенттерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру, заң мен тәртіптің негізгі қағидаттарын түсіндіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, құқықтық сананы қалыптастыру, мәдениет пен дінге төзімді көзқарасты дамыту, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтау және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну дағдыларын қалыптастыру.
Кездесу барысында лектор діни радикализм мен экстремизмнің қауіптілігі, олардың алдын алу жолдары, заң алдындағы жауапкершілік мәселелері туралы кеңінен түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Аталған іс-шараға 932 шетелдік студент қатысты. Мұндай профилактикалық дәрістер халықаралық студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, толеранттылық пен бейбітшілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған.











