ҚазҰМУ-да дәлелді фитомедицина бойынша семинар өтті
2025 жылдың 16 маусымында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінде «Фитониринг – антибиотиктерге төзімділік пен микробиота аясындағы дәлелді фитомедицина» тақырыбында ғылыми-білім беру семинары өтті.
Семинар ғылыми тұрғыда дәлелденген тиімділігі бар өсімдік текті дәрілік препараттарды әзірлеу және өндірумен айналысатын фитофармацевтика саласындағы Германия көшбасшысы «Бионорика» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Компанияның өнімдеріне әлемнің 40-тан астам еліндегі дәрігерлер, фармацевтер мен науқастар сенім білдіреді. Компания басшысы – профессор Михаэль А. Попп, жоғары сапалы фитопрепараттарды зерттеуге, әзірлеуге және өндіруге өзін арнаған Попптар әулетінің үшінші буын өкілі. Фитониринг – бұл табиғаттың өсімдік байлығын жоғары технологиялар арқылы заманауи фитопрепараттарға айналдыру философиясы.
Модератор:
фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Фармация мектебінің деканы Сакипова Зуриядда Бектемірқызы.
Спикер:
Dr. Harel Seidenwerg (Гамбург, Германия) – Bionorica SE компаниясының кеңесшісі, дәлелді фитотерапия, микробиом және антибиотиктерге төзімділік саласындағы халықаралық сарапшы.
Семинар барысында Dr. Harel Seidenwerg фитониринг ұғымын таныстырды – бұл өсімдік текті дәрілік заттарды өндірудің стандартталған әдістерін, клиникалық дәлелділікті және заманауи аналитикалық технологияларды біріктіретін инновациялық ғылыми тәсіл.
Семинарда Синупрет® (BNO 1016) және Канефрон® Н (BNO 1045) препараттарының тиімділігіне арналған зерттеулерге ерекше назар аударылды. Бұл фитопрепараттар жеңіл инфекцияларды емдеуде антибиотиктермен салыстырмалы нәтижелер көрсеткен.
Семинардың негізгі тақырыптары:
- Антибиотиктерге төзімділіктің жаһандық мәселелері;
- Микробиом – «екінші геном» ретінде және оның медицинадағы рөлі;
- Фитонирингтің ғылыми және технологиялық негіздері;
- Синупрет® және Канефрон® фитопрепараттарына жүргізілген клиникалық зерттеулер;
- Фитомедицинаны клиникалық тәжірибеге енгізу болашағы.
Тақырыптың өзектілігі:
- ЕО-да жыл сайын 25 000-нан астам адам микробтарға төзімділік салдарынан көз жұмады;
- Антибиотиктердің 60%-ға дейін орынсыз тағайындалады (Германия деректері);
- 2050 жылға қарай антибиотикке төзімді инфекциялардан жылына 10 миллион өлімге дейін жетуі мүмкін.
Семинарға докторанттар, магистранттар және бітіруші курс студенттері қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, спикерге мазмұнды сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға атаулы сертификаттар табысталды.
Семинар «Фитотека» оқу орталығында (Төле би көшесі, 88, 2-қабат) өтті және ғылыми біліммен алмасу мен академиялық байланысты нығайту алаңы ретінде маңызға ие болды.