ҚазҰМУ-да жалпы хирургия және топографиялық анатомия кафедрасы жаңартылды!
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің тағы бір маңызды білім беру кеңістігі жаңғыртудан өтті. Жалпы хирургия және топографиялық анатомия кафедрасында екі оқу залына күрделі жөндеу жүргізілді.
Жөндеумен қатар, кафедра заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды: қуатты компьютерлер, интерактивті тақта және екі жаңа Пирогов үстелі сатып алынды. Бұл жаңалықтар оқу сапасын арттыруға және студенттерге жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
ҚазҰМУ білім беру саласында үздіксіз жетілдірулер енгізуді жалғастырып, болашақ дәрігерлерді дайындауға бар күшін салуда.