ҚазҰМУ-да «Жемқорлыққа жол жоқ!» іс-шара өткізілді
26.02.2024 оқу жылындағы Қалыпты физиология кафедрасы биофизика курсымен кафедрасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты университет деңгейінде іс-шара өткізілді.
Іс-шара оффлайн форматында №7 оқу корпусының 2 аудиториясында өткізілді. Іс-шараға Қалыпты физиология кафедрасы биофизика курсымен кафедрасының меңгерушісі –Рыспекова Ш.О., Жалпы медицина-1 мектебінің деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары – Тагирова Р.Т., Жалпы медицина-1 мектебінің деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Жакупова К.Б., бас маман Ансаганова Ж.А., шақырылды. Іс-шараға кафедраның оқу ісі меңгерушісі Джусипбекова Б.А., Айтжанова Г.М., Асан Г.К., Кожаниязова А.Н. қатысты. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Жалпы медицина-1мектебі 2 курс студенттері қатысты.
Іс-шараны 2-курс студенттері, М22-013, М22-015 топ студенттері белсене қатысты. Іс-шар жүргізушілері Бөлеген Әмір, Сартбекова Альбина іс-шараны үш тілде жүргізді. Жалпы медицина-1 мектебінің 2-курс студенттері Тохтыбай Досали, Сакенова Назерке, Шабхат Аружан, Журунбаева Эльфия «Жемқорлық-індет, оны жою-міндет!» тақырыбына үш тілде баяндамаларын оқыды. Баяндамада жемқорлық және оның зардаптары, себептері жайлы айтылды.
«Жемқорлық және медицина» тақырыбына Жалпы медицина-1 13 топ студенттері көрініс арқылы ой толғау жасады. М22-013 топ студенті Алматов Алмас «Антикоррупция» атты авторлық өлеңін оқыды. Ары қарай 2-курс студенті Cапар Бейбарыс «Ерке сылқым», «Аңсау» атты күймен өнер көрсетті. Кейін сөз кезегі бас маман Ж.А.Ансагановаға берілді. Одан кейінгі сөз кезегі кафедраның оқу ісі меңгерушісі Джусипбекова Б.А берілді. Студенттерге кафедраның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің жұмысы,сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын айтып,жас ұрпақты жемқорлықсыз болашаққа жетелейтін жолдардан таймауды ұсынды.
Іс-шара барысында студенттер мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз ойларын ортаға ашық салып,өз пікірлерімен бөлісіп, жемқорлық пен оның зардаптарымен күресу жолдарын айқындады.