ҚазҰМУ-да мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті
2026 жылғы 11 ақпанда С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, Алматы қаласындағы «Unidem» білім беру орталығында білім алатын 10–11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға болашақ оқу бағытын таңдауға және университетпен танысуға қызығушылық танытқан шамамен 130 қонақ қатысты.
Бағдарлама аясында қатысушылар іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, 2026 жылғы қабылдау ережелері, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен студенттік өмір туралы толық ақпарат алды. Қонақтар алдында, мектептер мен факультеттердің декандары, қабылдау комиссиясының қызметкелері және студенттер сөз сөйледі. Барлық спикерлердің басты мақсаты – мектеп оқушыларына болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу және заманауи білім берудің тек теориялық біліммен шектелмей, практикалық дағдыларды меңгеруге, тұлғалық дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін көрсету болды.
Болашақ талапкерлер мен ата-аналар оқуға түсу шарттары, білім алу ерекшеліктері, түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері және білім алушыларды қолдау шаралары жөнінде өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Ашық есік күні ашық диалог пен еркін пікір алмасу атмосферасында өтті. Қонақтардың пікірінше, іс-шара университеттің білім беру ортасы мен оқу перспективалары туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік берді.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті барлық қатысушыларға көрсеткен қызығушылығы үшін алғыс білдіре отырып, болашақ талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсыруға тілектестік білдіреді!








