ҚазҰМУ-да МӘМС-ті енгізу бойынша оқыту семинарлар қатары бастау алды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу» 2016 жылғы 19 мамырдағы №338 бұйрығын орындауда, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Алматы қаласының медициналық ұйымдардың басшылары мен ұжымдарына арналған оқыту семинарлары басталды.
Семинар бағларламасында:
- 2016-2019 жж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттарын зерделеу;
- МӘМС-ті енгізудегі негізгі қағидалар мен алғышарттар;
- МӘМС жағдайында қаржыландыру мен менеджменттің ерекшелігі;
- МӘМС-тің ақпараттық жүйесі.
Бірінші семинарда академиялық қызмет бойынша проректор, проф. М.А. Камалиев, денсаулық сақтау экономикасы және медициналық сақтандыру кафедрасының меңгерушісі, проф. Қ.Қ. Құрақбаев, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Ж.К. Бурибаева, денсаулық сақтау экономикасы және медициналық сақтандыру кафедрасының оқытушысы Ж.Ж. Абуов дәріс оқыды.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі