ҚазҰМУ-да «ОNАМ-2019» фестивалі өтті
Оnам – Оңтүстік Үндістанның Керала штатындағы ең үлкен фестиваль. Мейрамның үнділік негізіне қарамастан, бұл мереке бүгінде Кераланың барлық қауымдастықтары – индуистер, мұсылмандар мен христиандар арасында танымал. Бұл Малай күнтізбесінің бірінші айы Чинг деп аталады (тамыз-қыркүйек) және аты аңызға айналған патша Махабалидің (немесе Мавелидің) оралуы. Фестиваль он күнге созылады және Керала мәдениеті мен дәстүрінің көптеген аспектілерімен тығыз байланысты. Оnам, басқалармен қатар, Кераладағы егін жинау фестивалі. Егін жинау әсерлі мерекесі Үндістанның Керала штатында аталып өтіледі. Аңыз бойынша, Тхирувон күні ежелгі Керала патшасы Махабали келіп, оның қол астындағылар «Алтын Дәуірді» тойлаған.
Халықаралық Медицина факультетінде білім алып жатқан Керала азаматтарының ұсынысымен 15.09.2019 жылы университетімізде «ОNАМ» феситивалі өтті.
Фестиваль қонақтарына студенттердің ұлттық әндері мен билері ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар қонақтарға үлттық тағамдар ұсынылып, дәстүрлі ойындар ойнатылды.