ҚазҰМУ-да педиатр мамандардың үшінші буыны диплом алды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде педиатрия мамандығы бойынша дәрігерлердің үшінші буынына диплом табыстау рәсімі өтті. Бұған дейін педиатрларды даярлау 2007 жылдан 2017 жылға дейін жүргізілген жоқ.
Салтанатты шарада Гаудемаус халықаралық студенттік Әнұраны шырқалды, түлектер дәрігер антын қабылдады. Биыл 141 маманға диплом табысталды. Михаил Васильев пен Гүлниса Рахымжанова қызыл диплом иегері атанды. Жыл түлегі Мөлдір Есенова болды. Сондай-ақ, Кесімбаев Арсен, Журавлев Никита, Телибаев Дидар, Дордецкая Виктория және Кине Роман сынды белсенді студенттер диплом алды.
«Бүгінгі түлектердің барлығын жарқын болашақ, интернатура мен резидентурада оқу және қызықты, еңбекақысы жоғары жұмыс күтіп тұрғанына сенімдімін. ҚазҰМУ – әрдайым өз түлектерін мақтан тұтады. Тек жұмысты жоғары деңгейде істеуге талпыныңыздар! Дәрігер мамандығын таңдағаннан кейін үнемі оқу керегін ұмытпаңыз, өйткені қазіргі уақытта медицинаның дамуы бұрынғыға қарағанда тезірек жүреді. Ал, сіздер жас дәрігерлер жұмыста ең озық технологияларды қолдануыңыз қажет», – деді өз сөзінде ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
Жақында ҚазҰМУ-да соңғы жылдары педиатрия интернатурасын бірінші рет шығару жоспарлануда. Педиатрларды оқыту 2017 жылы қайта жанданды, ал 2022 жылы ҚазҰМУ Қазақстанда осы мамандық бойынша студенттердің алғашқы диплом табыстау рәсімін өткізді.
Педиатрия факультеті Қазақстанда алғаш рет 1938 жылы ҚазҰМУ-да ашылды. 84 жыл ішінде 10 мыңнан астам маман даярланды. Қазір жүздеген жаңа дәрігерлер дайындықтан өтуде. Біздің кафедраның түлектері қазақстандық үздік мамандардың қатарына кіреді.
Педиатрия елімізде үнемі сұранысқа ие мамандықтың бірі. Қазақстанда жыл сайын балалар саны артып келеді. 12 жыл ішінде балалардың үлесі 5,3% – ға өсті. Ал 2021 жылғы соңғы халық санағының қорытындысы бойынша 14 жасқа дейінгі балалар саны 5,6 млн адамды құрады. Бұл ел халқының 29,4%-ы. Мұның бәрі республикаға сапалы дайындықтан өткен педиатрлардың қажет екенін көрсетеді.