ҚазҰМУ-да республикалық құқықтық диктант өтті
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылған республикалық құқықтық диктант өтті.
Іс-шара бүкіл ел бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысымен бекітілген «2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасына» сәйкес өткізілуде.
Диктант университет қызметкерлері, оқытушылар және студенттер арасында өтті. Іс-шараның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал ету, заңға құрмет қалыптастыру және құқықтық мәдениетті нығайту.
ҚазҰМУ қоғамда құқықтық сананы және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған мемлекеттік бастамаларды қолдауды жалғастыруда.






















