ҚазҰМУ-да студенттерге арналған «Заң және тәртіп» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті
2026 жылғы 20 қаңтарда «Concordia» студенттік театрында студенттерге арналған «Заң және тәртіп» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.
Іс-шараға құрметті қонақ ретінде:
•Кулбаев Асхат Жұмабайұлы — Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі;
•Китокпаев Арман Елібекұлы — Алмалы ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі;
•Бейсенова Зарина Нұрбайқызы — Алмалы ауданы Полиция басқармасының Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры;
•Ауесбеков Қағазбек Ауесбекұлы — Алмалы ауданы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны қатысты.
Кездесу барысында студенттерге заңнаманың негізгі нормалары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар студент жастар арасында заңға құрметпен қарауды нығайтып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.



















