ҚазҰМУ-да футболдан «A- Liga» 2018-2019 жылғы маусымы басталды
ҚазҰМУ-да «SDF» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастыруымен ҚазҰМУ Білім алушылар кәсіподағы қолдауымен ҚазҰМУ ректоры (2008-2016ж) профессор Ақанов Айқан Ақанұлы атындағы футболдан II дәстүрлі «A-Liga» 2018-2019 жылы маусымы өз бастауын алды. Биылғы маусымға барлық мектептер мен факультеттерден 24 команда және 240-тан астам студенттер қатысуда. Биылғы лига қазан- сәуір айлары аралығында ҚазҰМУ спортзалы және 1 жатақхана алдындағы жасыл алаңда 23 апта бойы өткізіледі. Командалар өзара 1 кездесуден 23 турға созылып, мықтыны анықтайды. Ойындар әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өткізілетін болады.
Қатысушы командалар: SDF, Shym city, Барыс, Спарта, Tarlan, Triumph, Hard team, Virtus, Алатау, Реалист, Legion, Ордабасы, Алаш орда, Қайрат, Достық, Фулxэм, Samurik, Жастар, Сұңқар, Жас отан, Kerala Blaster, Pirates, Аманат, FRFR.
Турнирдің онлайн сайты:
БАРЛЫҚ КОМАНДАЛАРҒА СӘТТІЛІК!!!
BONUS FORTUNA AD OMNES!!!